Каржы сауда лексикасы соңғы

201 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ұйғыр т. бег «басшы, әкім, сұлтан» (YUTS 34); өзбек т. бег «бек, сұлтан; әкім» (ÖTS 74). Түрік т. bey «мырза; тайпа немесе кішкентай бір мемлекеттің басшысы, әмірші» (TS 320); әзербайжан т. bäy «басшы, әкім; бай; ханзада» (AДИЛ I 241); түрікмен т. бег «феодализм дәуірінде аймақ басшысы» (TДС 82): Илини сылан – бег болар «Елін санап жүрген адам бек болар»; Өз өзіүне беглик еден өзүне ғұллуқ едер «Өз өзіне бектік жасаған өз өзіне құлдық етер» (Doğan 2020: 657). Сары ұйғыр т. пег «басшы» (Maлoв 1957: 89); алтай т. би «бай- ауқатты, ақсүйек, мырза, бай» (ATS 41); хакас т. пиг «хан сарайы қызметкері, аристократ, ақсүйек, мырза; әмірші, басшы» (ХРС 149); тува т. бег «бек; қайын ата» (Ölmez 2007: 90). Якут т. бии «аға» (ЯРС 69). Моңғол т. бейле «ақсүйек, хан ұрпағы, ханзада»; бейжи «ханзадаларға берілетін лауазым» (MTS 151). Абайда осы түбірден өрбіген бектік қолданысы да кездеседі: Бектікте біреу бектеп тұралмай жүр, О-дағы ұры-қарды қыралмай жүр. Қарсылық күнде қылған телі-тентек, Жаза тартып ешбір сұралмай жүр (Абай 1909: 9). Абай тілі сөздігінде мұндағы бектікте тұлғасы «бекке тән қасиет» (АбайТС 105) деп берілген. Бізше мұны «ел билеуде, басқаруда» деп беру жөн. Ақшалы «Ақшасы көп, қалталы, ауқатты» (ҚТТС 34). Түбі түркі төл сөзіміз ақша сөзінен жасалған бұл қолданыс түркі тілдерінің көбінде (қыпшақтарда жиі) кездеседі (кейбір тілдерде «ақылы» (платный) деген мағынада бар): Құмық т. ақчалы «бай; ақылы» (КумРС 24); татар т. акчалы «ақшалы, бай; ақылы» (ТатРС 34); башқұрт т. ақсалы «сол мағ.» (БРС 20); қырғыз т. ақчалуу «ақшалы, ақшасы бар» (КРС 40); ноғай т. ақшалы «ақшалы, бай; ақылы» (НРС 34); қарақалпақ т. ақшалы «ақшасы бар, ақшалы» (КкРС 33); қарайым т. ахчалы : «ақшалы» (КРПС 86); қарашай-балқар тілінде ачхалы «ақшалы»: Ачхалыдан байла да қорқадыла «Ақшалыдан байлар да қорқады»; Ачхалыны қолу ойнар, ачхасызны көзю ойнар «Ақшалының қолы ойнар, ақшасыздың көзі ойнар» (КБРС 99).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==