Каржы сауда лексикасы соңғы
200 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Беклер білен таласып болмас, терек білен алысып болмас (БС 68 т.: 96). Бегің соқыр болса, бір көзіңді қысып отыр (Қайдар 2004: 245). Бетеге кетер бел қалар, бектер кетер ел қалар (Қайдар 2004: 248). Бек сөзі Күлтегін ескерткішінде жиі жұмсалып, көне және орта ғасыр түрік жазба мұраларында кең таралған ұғымдардың бірі: Орхон ескерткіштерінде бег «бек» (KT.D.6...). Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінен Ырқ бітігте бег «бек, би, әмірші, басшы» (IB.5...). Қарахан дәуірінің жәдігері Диуани лұғатит түркте бег «би, әмірші, басшы, сұлтан»: Күнде ирүк йоқ, бегде қиық йоқ «Күнде саңлау жоқ, бекте айну жоқ» Йавлақ тыллығ бегден керү йалыңус тул йег «Тілі жаман бектен, жалғыз басты тұл артық» (DLT 15/8...). Хорезм-Алтын Орда дәуірі жазбаларында бег «мырза, ақсүйек, әмір, ханзада» (ME.62-4...;KE.2v1...). Қыпшақ ескерткіші Кодекс куманикуста бег «би, әмір, сұлтан» (CC.45b/9); бей «би, әмір; бай, байлық иесі, мырза, ақсүйек» (CC.45b/10). Мәмлүк қыпшақ жазбаларында бег/бей/би «би, әмір, сұлтан, мырза» (KK.41a/3-4; Kİ.35; TZ.41.a.1). Шағатай мұраларында бег/биг «би, мырза, сұлтан» (Şiban.187b-10...). Көне Анадолы ескерткіші Қорқыт ата кітабында биг «бай, би, сұлтан, мырза» (DKK 11-6...); Кабуснама аудармасында бег «мырза» (Kabus.2/8...). Қазіргі түрік тілдерінде бек атауыкөбіне историзмдеп көрсетіледі: Қырғыз т. бек «бек, сұлтан, әкім; ханзада, хан тұқымынан ақсүйек»; би «би, қазы» (KS 104, 124); қарақалпақ т. бек «Хиуа хандығындағы аймақ әміршісі; мырза, бек, шонжар, ақсүйек» (КкРС 97); ноғай т. бек «мырза; әмірші, басшы» (НРС 75); татар т. би «әмірші, сұлтан» (Öner 2009: 43); құмық т. бек/би «әмірші, бек, сұлтан, басшы, ақсүйек, бай-шонжар»: Биге инанма, суға таянма «Бекке сенбе, суға таянба» (KumTS 47, 55); қарашай-балқар т. би «бек, ханзада; бай, ауқатты» (КБРС 141); қарайым т. бег/би «бек, хан, ханзада» (КРПС 115).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==