Каржы сауда лексикасы соңғы

199 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «Бай» бірінші деген мағынаны да білдіреді. Мәселен, бәйбіше атауындағы бай «бірінші», біше «әйел» деген сөз, дегенмен бұл жердің байдың (күйеудің) әйелі деген сема болуы ғажап емес. Ноғай халқы әйелін «піше» дейді, қарашайлар да «біше» дейді. Башқұртта да байбисә, байбикә сөздері бар, сөздіктерде «байдың бике, бишесі, әйелі» (БТҺ 107) деген анықтама берілген. Бай сөзінің қасиетті деген семасы да бар, мысалы: байтерек, байқұс , т.б. Ғалымдар бай атауының төркінін бар сөзімен байланыстырып, моңғол тілдеріндегі баян, чуваш тілінде пуянмен бір екендігін дәлелдеп, орыс тіліне баярин болып кіргенін алға тартады (ЭСТЯ ІІ 28). Бек «ерте кездегі ел билеуші ұлық; төре, би, мырза; қоғамдық- әлеуметтік, материалдық мәртебесі жоғары тап өкілі, әмір, ру басы»: 1. Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп, Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп. Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ, Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп (Абай 1961: 76). 2. Екінші – бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр (Абай, 11-қара сөз). Қазақ тілі сөздіктерінде бек сөзінің историзм екені көрсетіліп, «феодалдық қоғамдағы үстем тап өкілі, рубасы, ел билеушісі» деген түсіндірме берілген (ҚTTС 123). Севортянның сөздігінде бек/бег нұсқасының би/бей вариантынан көне екендігі айтылған: бeг > бeй > бий > би (ЭСТЯ II 97). Бірақ қазақ тіліндегі бек сөзінің фонетикалық варианты, оның өзгерген түрі би бұдан өзгеше мәнде жұмсалады: Би «дау-жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы» (ҚTTС 130). Клаусон бектің негізгі мағынасы «ру басы, ел, тайпа билеушісі» екенін айтып, қытай тіліндегі «жүз басы» мәніндегі по нұсқасы осымен байланысты деп тұжырымдайды (Clauson 1972: 322). Қазақмақал-мәтелдерінде де бек историзмініңжиі ұшырасатынын байқаймыз: Бек берсе бетке қарама (БС 68 том: 96).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==