Каржы сауда лексикасы соңғы
197 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ жұмсалады. Әзербайжанша да xeyirçi түрік тіліндегідей мағынасын да айтылады. Өзбекше де солай хайрхоҳ тұлғасы «жақсылық тілегіш, жақсылық қалаушы» семасына ауысқан. Қырғыз т. кайырчы, татарша хәерче , башқұрт хәерсе ұйғыр тілінде хәйирчи «қайыршы, қайыр сұраушы» секілді семасында жұмсалады. Тіленші / тілемсек «ел аралап қайыр сұраушы, кедей, пақыр». Астық жоқ жылы тіленші қыстайды (Мақал) Екі сөз де түбі түркі тілеу етістігінен жасалған. Тіленчи қолданысы ортағасыр қыпшақ ескерткіштерінде бар, бірақ одан ертеде тілеу мағынасындағы қол - етістігінен шыққан қолтғучы «ақшаға мұқтаж кедей, тіленші» сөзі қолданылған. Құтты білікте: Oyunka avınsa ajun tutguçı İlin buzdı boldı özi koltguçı «Алтын уақытын ойынға (құмарлыққа) берсе, елін бұзар, өзі де қайыршы жағдайға түсер» (KB 2093). Қазақ тіліндегі қолқа салды, сөз тапқанға қолқа жоқ сөз тұрақты тіркестеріндегі қолқа сөзі осы тілеу мағынасындағы қол - етістігі және «тілек» семасындағы қолтғу зат есімімен байланысты. Тіле- «қалау» түбірінен шыққан бұл тұлға түркі тілдерінде (қыпшақ, қарлұқ, оғыз тармақтарында) кең таралған: Қырғызша тиленчи , ноғай мен қарақалпақ тілдерінде тіленши , татар тілінде теләнче , башқұртша теләнсе деп айтылады. Түрік тілінде dilenci , әзербайжан т. dilənçi , түрікменше dilençi «қайыр сұраушы». Өзбек пен ұйғыр тілдерінде tilanchi «қайыршы, тіленші». Бай «меншігінде қыруар мал-мүлкі бар ауқатты адам». Бай-бағлан «үстем тап өкілі, бай-манап». Бай-манап «ақсуйек, феодал, шонжар, бай-мырза». Бай-мырза «бай-манап, ақсүйек, шонжар» (ҚТТС 99). Бай сөзі бек, би сөздерімен төркіндес, сондықтан бұдан төменде бек сөзі талданады. Мұнда бай нұсқасының түркі тілдеріндегі мағыналары көрсетіледі: Құмық т. бай : Бай байгъа багъар, сув сувгъа агъар «Богáтый тянется к богáтому, а притóк – к рекé»; Бай ярлыгъа къардаш болмас «Богáтый бéдному не брат»; Бай ярлыны танымас «Сытый
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==