Каржы сауда лексикасы соңғы

196 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Йоқсул тұлғасы түркі әлемінде ең тұрақты төл «кедей» мағы­ насындағы сөзі, ол оғыз, қыпшақ және қарлұқ тармақтарының бәрінде кездеседі: Өзбек тілінде йуқсил төл сөз ретінде бар, бірақ фоқир жиірек қолданылады. Ұйғырша йоқсул «жарлы, кедей» мәнінде белсенді сөз. Татар юксыл , башқұрт юҡһыл сирек жұмсалады. Түрік тілі диалектілерінде «yoklu, yoğsul, yohsul, yoksun» варианттары кездескенмен, әдеби тілде арабша fakir кірме сөзімен бірге yoksul төл атауы қолданылады. Мұндай қолданыс түрікмен тілінде yooksul , әзербайжан тілінде yohsul формаларында жұмсалады. Йоқсул тұлғасы Құтыптың Хұсрау мен Шырын дастанында кездеседі: Anın͡g kim mâlı köptür kadgusı bar Karakçıdın ni korksun yoksul iy yâr «Оның малы көп болса да мұңы бар, енді әй дос, кедей қарақшыдан қорықпас» (HŞ 2281). Ортағасырда жазылған алғашқы Құран тәржімесінде болса сол семада йоқсуз сөзі тіркелген: Bütünlükin sadakalar, çıgaylarka, yoksuzlarka , işlegenlerke «Бүкіл садақалар кедейлер мен жағдайы жоқтарға және жұмыс істейтін­ дерге (KT 29/42b3) (Ekşioğlu 2019: 359). Қайыршы «қайыр сұраушы, тіленші, кедей». Арабша «жақсы, игі» мағынасындағы хайыр сөзіне түркі «-шы» есім тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған, яғни біреуден жақсылық тілеуші деген сөзбе-сөз мағынаны білдіруде шыққан. Қайыр сұраушы деп те айтылады. Бұл сөздің морфологиялық моделі барша түркі тілдеріне тән, бірақ мағыналық дамуы екі бағытта таралған. Батыс және оңтүстік тілдерінде (түрік, әзербайжан, өзбек) түбір хайыр мағынасы «жақсылық, қайырым» жағына қарай дамыған, ал қыпшақ және шығыс тілдерінде (қазақ, қырғыз, ұйғыр, татар, қарақалпақ) нақты «тіленші, қайыр сұраушы» мағынасында орныққан. Түрік тілінде «қайыршы» мәнінде dilenci негізгі сөз болса, hayırçı керісінше «қайырымды адам, қайыр беруші» мағынасында

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==