Каржы сауда лексикасы соңғы
195 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Жоғарыда көрсетілген қазақ тіліндегі туынды мағынасы (кедей, мүсәпір, бейшара) түркі тілдерінде қолданылады: Қырғыз карып «жарлы, бейшара, жетім»; қарақалпақ ғарип «жарлы, жетім, мұңлық»; ноғай гарип «бейшара, пақыр, мұңлық»; татар гарип «ауру, бейшара, ұсқынсыз». Өзбек ғариб «бейшара, мүсәпір, жалғыз»; ұйғыр гһерип «жарлы, жетім, мүсәпір». Түрік garip «ешкімі жоқ, қамқорсыз, бейшара, туған жерінен жырақта жүрген, бөтен елде өмір сүріп жатқан, жат, біртүрлі»; әзербайжан qərib «жат, бөтен». Мүсәпір «жоқшылық зардабын тартқан, бейшара, қайыршы». Бұл да ғаріп сөзі секілді «жолаушы» мағынасынан барып ауысқан (сірә бұрынғы замандарда жолда ұзақ жүрген адамның шаршап халі мүшкіл болуынан пайда болған болса керек). Сөздің төркініне Ә. Нұрмағамбетов тоқталады: «Сөздіңшыққан тегі араб тілі мусафыр – 1) саяқатшы; 2) жолаушы; 3) қонақ. Араб тілінің өзінде бұл оның алғашқы мағынасы емес. Бұл жерде сөздің мағынасымен бірге дыбыстық құрамына да өзгеріс кірген. Сөз түбірі «сафар» (жол, жорық, саяқат мағыналарында қолданылады). Осы түбірдің алдына сол тілге тән -мү қосымшасы (префикс) қосылып, «мүсәпір» туынды сөзі пайда болған. Қазіргі тілімізде «сафар» сөзі «сапар» қалпында дыбысталып «жол, жолға шығу» мағыналарында да, адам аты қалпында да қолданылатынын білеміз. Сөйтіп, тілімізде «мүсәпір» сөзінің шамадан тыс мағына өзгерісіне түскендігі байқалады» (Бес жүз бес сөз еңбегінен). Түрік, әзербайжан, татар, башқұрт, түрікмен өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, ноғай тілдерінде бастапқы «жолаушы, сапарда жүрген, қонақ» мағынасы сақталған. Қазақ, қырғыз, тілдерінде семантикалық кеңею болып, сөз «бейшара, қайыршы, пақыр» реңкіне ауысқан. Йоқсул «кедей». Кейбір түркі тілдерінде «кедей» мағынасында төл сөз жоқ сөзінен жасалған жоқшыл атауы қолданылады. Қазақ тілінде жоқшыл деген форма кездеспегенмен «кедейлік» дегенді білдіретін жоқшылық тұлғасы кездеседі. Қырғыз тілінде де солай жокчул сирек кездессе, жокчулук қолданысы жиі қолданылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==