Каржы сауда лексикасы соңғы

194 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Міскін / мүскін «кедей, ғаріп, мүсәпір». Арабша mskn түбірінен келген miskīn « مسكين кедей» сөзінен алынса да оның түбірі көне арамейше meskīnā және көне аққадша muşkēnu «бұқара, қарапайым халық, кедей жұрт» сөздері саналады. Бұл сөз ислам дінімен бірге түркі халықтарының бәріне дерлік тараған. Қырғыздарда мүскүн «бейшара, момын адам». Өзбек тілінде мискин сөзі «кедей, момын, пақыр» дегенді білдіреді. Ұйғыр тілінде meskin «момын, бейшара, ғаріп адам». Түрік тілінде де miskin деп айтылады, мағынасы «бейшара, дәрменсіз, жуас адам». Әзербайжан тілінде де сол түрінде miskin » «кедей, бейшара». Түрікмен тілінде дыбыстық сәйкестікпен «mesgin» түрінде айтылады. Қарақалпақ пен ноғай тілдерінде қазақшадағыдай міскін деп қолданылады. Бастапқы мағынасы «кедей, пақыр», кейіннен «момын, жуас, бейшара» деген реңк алған. Ғаріп «кедей, байғұс, мүсәпір, бейшара». Қазақ тілінде қарып, қарып-қасер формаларында да айтылады. Қазақта ғаріп сөзінің әдеби, діни реңкі де бар: ғаріп жан, ғаріптің көз жасы, ғаріп-жесір , т.б. Арабша ġrb түбірінен келген ġarīb غريب сөзі түпнұсқа тілде «жат, бөтен, бөлек» дегенді білдіреді, ол да ġaraba « غرب шықты, кетті, жолға шықты» етістігінен келген. Асан Қайғының «Бұл заманда не ғаріп» өлеңінде араб тіліндегі бастапқы мағынасына жақын семасы сақталған: Бұл заманда не ғаріп / Ақ қалалы боз ғаріп Жақсыларға айтпаған / Асыл шырын сөз ғаріп. Замандасы болмаса / Қариялар болар тез ғаріп Қадірін жеңге білмесе / Бойға жеткен қыз ғаріп. Ел жағалай қонбаса / Бетегелі бел ғаріп. Қаз-үйрегі болмаса / Айдын-шалқар көл ғаріп. Мүритін тауып алмаса / Азғын болса, пір ғаріп. Атажұрты бұқара / Өз қолында болмаса, Қанша жақсы болса да / Қайратты туған ер ғаріп.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==