Каржы сауда лексикасы соңғы

193 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қырғыз тілінде кедей сөзі бар, мысалы: Кедейдин малы көзүнүн жашы менен келет «Кедейдің малы көз жаспен келеді» Өзбек тілінде камбағал, мужтасар, фақир сөздері қатар қолданылады, бірақ әдеби тілде камбағал негізгі болса, кедей сөзі қазақ басқа тілдердегідей белсенді лексикаға жатпайды. Ұйғыр тілінде де солай камбәғәл, һәсрәтмән, мүскүн сияқты синонимдер қолданылады. Қарақалпақ тілінде кедей, жарлы, фақыр нұсқалары кездеседі. Татар және башқұрт тілдерінде де араб-парсы негізді фәкыйр/ фәкір формалары актив, кедей сөзі жұмсалмайды. Пақыр «кедей, жарлы, міскін»: Пақыр сөзі арабтың fakir « فقير пақыр, тіленші» сөзінен енген. Ол fḳr түбірінен келіп, түпнұсқа тілде «oйық, шұңқыр; бүкір, белі бүгілген, кедей» дегенді білдіреді. Осыдан «кедейлер» деп көпті білдіретін фуқара сөзі жасалған, қазақ тілінде бұқара деген нұсқада айтылады. Пақыр түркі тілдерінде ерте кездерден кірген. Қарахан дәуірі мұрасы Ақиқат сыйында: Bu baylık çıgaylık fakr idi kısmeti Mal yokluğuna fakirlik deme «Негізі байлық тағдырына жазылған кедейлік, сондықтан мал жоқта жарлымын деме». Диуани хикметте: Garîb fakîr yetîmlerni kılgıl şâdmân Hulklar kılıp azîz cânın eyle kurbân «Ғаріп, пақыр, жетімдерді сен сен шадыман, ғазиз жаныңды бөліп ет құрбан». Әбілғазының Шежіресінен мысал: Sizler xalqğa baş bolup barıp otav soqunıñ faqir ve miskin qış azuqı alsunlar «Сіздер халыққа бас болып, барып шатыр құрыңыздар. Пақыр, міскіндер қыстық азығын алсын» (Балтабай 2025: 95). Пақыр (факир) сөзі түрік, әзербайжан, татар, башқұрт, өзбек, ұйғыр тілдерінде белсенді лексикаға жатса, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, түрікмен, ноғай тілдерінде актив емес, керісінше кедей сөзі жиі қолданылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==