Каржы сауда лексикасы соңғы
192 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ЭСТЯ сөздігінде Исхаков пен Киекбаевтың тұжырымдары ( ярлы сөзі «жұқа таспа, қабық» яры сөзінен жасалған деген пікір) негізінде «тері, жарғақ» мағынасындағы йарғақ сөзінің арық деген ауыспалы мәніне ие болғанын да есепке ала отырып, йарлы- йабағы «кедейлік» дегендегі йабағының «тері» мағынасындағы сөз болғандығынан йарлының да о баста «жұқа тері» дегеннен туындау мүмкін деген пікірді қолдайды (ЭСТЯ IV 143; Егоров 1964: 251). Кедей «жарлы, ақшасы жоқ, өмір жағдайы нашар»: Кедей сөзі парсының гедәй « گداي тіленші, қайыршы» сөзінен енген. Тілде ерте дәуірлерден бері төл сөз жарлымен бірге синонимдік қатарды түзейді. Хұсрау мен Шырында: İrür ol pâdişah men bir gedâ men Niteg tin͡g bolga men ahır an͡ga men «О падишам мен бір кедеймін, мен оған қалай тең боламын» (HŞ 2277). Aşnı ve sunı andaq üleştürğuçı yoq turur kim gedāydın tā pādişāhğaça ve qumursqadın tā pilğaça ve çipindin tā simurğğaça barçasınıñ ahvālığa lāyıq berür «Асы мен суын кедейден падишаға, құмырсқадан пілге, шыбыннан самұрыққа дейін барлығының жағдайына лайық қылып сондай дәл, тең қылған ол секілді үлестіруші жоқ» (Балтабай 2025: 95). Түрік тілінде кедей сөзі белсенді емес, орнына біздегі пассив сөзге айналған пақыр қолданысы белсенді жұмсалады, дегенмен Sultana sultanlık, gedaya gedalık yakışır «Сұлтанға салтанат, кедейге кедейлік жарасар», Kapıya bir gedâ gelse, efendinâ uyur derler, Elinde bergüzâr olsa, içeriye buyur derler «Есікке бір кедей келсе мырза ұйқыда дер, қолында сыйлық болса ішке кіріңіз дер» мәтелдерінде айтылады. Түрікмен тілінде гедай нұсқасы тілде бар, төмендегідей мақалдарда айтылады: Гедайа борчлы болма, йа тойда диләр, йа байрамда «Кедейге қарыз болсаң, тойда я болмаса тойда мазаңды алар». Гедайчылыға да ғурп герек «Қайыршы болуға да әл, күш керек». Ишсизлик йа гедайлыға елтер, я оғрулуға «Жұмыссыздық кедейшілікке соқтырап, я болмаса ұрлыққа елітер» (мақалдар) (Doğan 2020: 660).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==