Каржы сауда лексикасы соңғы

191 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «сол мағ.»: жарлы-жабығай «жарлы-жақыбай»; Жарлылық айып емес «Жарлылық ұят емес 24 » (КкРС 231-232); құмық т. ярлы «кедей, пақыр»: Ярлы ярлылығын яшыра туруп өлер, бай байлығын яшыра туруп өлер «Жарлы жарлылығын жасыра жасыра өлер, бай байлы­ ғын жасыра жасыра өлер 25 » Байны қызы өлмейли, ярлыны қызына гүн тувмас «Байдың қызы өлмей жарлының қызына күн тумас» (КумРС 375). Ноғай т. ярлы «сол мағ.»: Яз кийимин қыс кийип ярлы қайдан байысын «Жаз киімін қыс киіп жарлы қайдан байысын 26 ». Азын ашпай ярлы өлер, көбін ашпай бай өлер «Азын ашпай жарлы өлер, көбін ашпай бай өлер» (НРС 468). Татар т. ярлы «сол мағ.»: Бай бай өчен тырыша, ярлы ярлыга булыша «Бай бай үшін тырысар, жарлы жарлыға болысар 27 » (ТатРС 1191). Башқұрт т. ярлы «сол мағ.»: Байға барымта юқ, ярлыға қарымта юқ «Байға барымта жоқ, жарлыға қарымта жоқ». Байға ялынам тип, ярлының йөз һумлық хақы сықты «Байға жалынам деп жарлының жүз сомдық қарызы шықты» (БТҺ II 802). Қырғыз т. жарды «сол мағ.»; жарды-жабырқай/жарды- жакыр «жарлы-жақыбай»: Жардылығын жашырған байыбайт «Жарлылығын жасырған байымас» (КРС I 235). Түрікмен т. диал. йарлы «кедей» (ТДҒДС 98); Өзбек т. диал. йарлы «сол мағ.» (УХШЛ 127). Чуваш т. юрла «сол мағ.» (ЭСЧЯ 351). Рясянен жарлы сөзінің түбірі «қуыс» мәніндегі йар сөзі деп анықтайды (Räsänen 1969: 190b). Самойлович йарыл - «жан жаққа тарау, бөліну, ыдырау» етістігі­ мен байланыстырып, йарлы сөзінің де «ыдыраған, бөлшектенген, жадаған, жүдеген» мағынасынан ауысқан деп тұжырымдайды (Самойлович 1936: 42). 24 Байлық мұрат емес, жарлылық ұят емес. 25 Бай болсаң жарлылығыңды айтпа, Жарлы болсаң байлығыңды айтпа (Кейкін 2002: 264). 26 Қыс киімін жаз киіп, Жарлы қайдан байысын. Жазы-қысы жұмыс қып, Мая қайдан қайысын? (Кейкін 2002: 344). 27 Бай байға кұяды, Сай сайға құяды (Кейкін 2002: 262).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==