Каржы сауда лексикасы соңғы
190 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Хорезм, Алтын орда дәуірі жәдігерлерінен Қиссаүл әнбияда чығай «кедей» (KE.128r18); Муқаддиметүл әдепте чығай «сол мағ.» (ME.133-1); Нехжүл ферадисте чығай «сол мағ.» (NF.286-2). Мәмлүк қыпшақ жазбасы Китабүл идрақта чыған «сараң» (Kİ.43). Шағатай ескерткіштерінен Шибанхан диуанында чығай «жарлы, кедей» (Şiban.119b-1); Жамиғат тауарихта чығай «сол мағ.» (Сыздық 2009: 161). Анадолы түрік жазба жәдігері Кабуснамеде жыған «сыған» (Kabus.63/1). Қазіргі түркі тілдерінде көбіне орыс тілінен қайта енген сыған сөзі қолданылса, тек кейбір тілдерде көне нұсқадағыдай жұмсалған, мысалы: Қырғыз т. шығай «кедей» (KиргРС II 417). Қаращай-балқар т. чыған «сыған, қайыршы» (KБРС 739). Түрік тілінің диалектілерінде çıgay «жарлы» (DS III 1158). Тува т. чегей «сараң» (TурРС 524). Чуваш т. сухын «кедей; сараң» (Ceylan 1996: 121). Қарақалпақ т. цыган «сыған» (KкРС 716); Алтай т. сыған «сол мағ.» (ATS 153). Якут т. сығаан «сол мағ.» (ЯРС 355). Орыс тіліндегі цыган сөзі осы чыған/чығай/шығай сөзінен алынған, түркі тілдеріне де сыған формасында қайта кірді. Жарлы «кедей, пақыр»: Жарлы сөзі көне ескерткіштерде кең таралмаған, йарлығ деген түрде және қос сөз құрамында ғана қолданылған: Көне ұйғыржазулы ескерткіштерінде йарлығ (қос сөзде) «байғұс»: еринч-йарлығ «байғұс, мүсәпір» (ДТС 178). Диуани лұғатит түркте йарлығ (қос сөз құрамында) «кедей, пақыр»: йарлығ-йунчығ «сол мағ.» (МҚ III 42) (ДТС 242). Жарлы сөзі негізінен қыпшақ тілдерінде таралған. Самойлович та оның оның бұрынғы Алтын орда территорияларында таралғанын алға тартқан. Егоров чуваш тіліндегі қолданысты да қыпшақ тілінен енгендепойлаған. Түрікменменөзбек диалектілеріндегі формаларды да қыпшақ тілдерінен алынған деп тұжырымдауға болады: Қарайым т. йарлы «жарлы; байғұс, мүсәпір» (КРПС 233); қара шай-балқар т. джарлы «сол мағ.» (РКБС 35); қарақалпақ т. жарлы
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==