Каржы сауда лексикасы соңғы
189 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «Шық бермес Шығайбай. Тұрақты тіркеске айналған бұл күрде лі (анықтауышты) жалқы есімнің құрамындағы шықпен шығай сөздерінің мағынасы біз үшін күңгірт, беймəлім тəрізді... Алдымен, шық бермес тіркесі о бастағы «дым берместің» синонимі. Ал енді шығай сөзіне келсек, ол ерте замандарда қазіргі «кедей, кембағал» сөздерінің орнына қолданылған түркі тілдеріне ортақ дербес сөз. Мысалы, «Күлтегін» ескерткішінде «кедей халықты бай қылдым» дегенді чиғай будунуғ бай қылтым (KT 29) деп берген. Сол замандағы шығай ~ чығай сөзі, біздің пайымдауымызша, қазақ тілінде екі түрлі формада сақталған: біреуі – жалқы есім құрамындағы шығай > Шығайбай (дəл аударсақ, Кедейбай. Шық бермес Шығайбай– «дым татырмайтын кедей, жұтаған бай») болады да, екіншісі – шыған ; ол қазақ тіліндегі шығаннан шыққан кедей деген фразеологизм құрамында ғана кездеседі (Қайдар VI 2014: 196). Абай жолының тілін зерттеген Ербол Жанпейісов романда шығай cөзі «қаңғыбас, антұрған» деген мағынада қолданылды деп анықтайды: Оралбайды білмейміз. Ол бұл елден шығып кеткен бір шығай (Жанпейісов 1976: 132). Шығай сөзі Орхон ескерткіштерінен бастап, көне және орта ғасыр жазба мұраларында кең қолданылған сөздердің бірі: Орхон ескерткіштерінде чығаң «кедей»: Чығаң будунуғ бай қылтым «Кедей елді бай қылдым» (KT.G.10) (Aydın 2014: 169). Көне ұйғыр жазулы мұраларында чығаны «кедей» (IB.30); чығай «сол мағ.» (Maitri.10-37). Диуани лұғатит түркте чыған «Арғу тілінде жарлы, пақыр» (DLT 26/12); чығай «кедей, жарлы»: Қырқ йылқа бай чығай түзлинүр (мақал) «Бай мен кедей қырық жылда теңесер» (DLT 176/150). Köñül kimnig bolsa qalı yōq çıgay / Qılsa küçün bolmas anı toq bay «Кімнің көңлі кедей болса, ол күшті, тоқ, бай бола алмас» (DLT 140). Құтты білікте чығай «сол мағ.»: Bilig baylık ol bir çıgay bolgusuz / tegip ogrı tevlig anı algusuz «Білім кедейлігі бір байлық, ұры мен алаяқтың қолы оған жетпейді» (KB 313). Кayu beg suk erse çıgay ol çıgay / Кayu kul közi tok beg ol köñli bay «Қай бек сараң болса ол кедейдің кедейі; қай құлдың көзі тоқ болса ол көңлі бай нағыз мырза» (KB 2620).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==