Каржы сауда лексикасы соңғы
188 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында сыбай сөзі «салт, басы бос» деген мағынада қолданылады. Бұл сөз тіркесіндегі сыбай сөзі кейбір түркі тілдерінде «бойдақ, жалғыз басты» деген мағынаны білдіреді: субай – əзербайжанша «бойдақ». Түрік тілінде subay деген термин бар, біздегі офицер дегенді білдіреді, ол термин осы сөзге ұқсағанмен, оның жасалуы бір бөлек: Sü + Bay құрамынан тұрады, sü – «әскер» (көне түркі sü «әскер, қол»); bay – «мырза, бай, иесі» → sübay – «әскер мырзасы», яғни офицер. Бірақ түрікше нұсқасы түркі тілдері және ескерткіштерінен жаңа түрік тіліне алынғаны айтылады: «Шағатай тіліндегі subay сөзі «1) жүксіз, жеңіл, бойдақ; 2) жеңіл атты әскер» деген мағыналарды білдіреді. Бұл сөз моңғол тіліндегі subay «қысыр, төлсіз» деген сөзден алынған. Шағатай тіліндегі бұл сөзге, көне түркі тіліндегі sü «әскер» + bay «мырза» элементтерінен шыққандеген қатежорамалға сүйене отырып, Тіл төңкерісі (реформа) кезеңінде «әскери қолбасшы» деген мағына жасанды түрде берілген. Түрік тіліне ең алғаш рет 1935 жылы шыққан «Османлыдан түрік тіліне қалта анықтамалығы» кітабында subay = zâbit (офицер) деп енгізілген» қараңыз: https://www.nisanyansozluk.com/kelime/subay Шығай «кедей, пақыр, жарлы; сараң»: Қазақ тілінде шық бермес шығайбай «өте сараң кісі» (ФС 771) атты фразеологизмде «сараң» мағынасына ауысқан болса, төмендегі мақалда «кедей» мәнінде қолданылған: Жалғыздың өзі шығай Екеудің бірі жұбай. Үшеудің бірі шарана, Төртеудің бірі қаймана (Keйкін 2002: 32). Қазақ әдеби тілі сөздігінде шығай сөзі «кедей» деп анықталып, көнерген деген белгі қойылған (ҚӘТС XV 503). Ісмет Кеңесбаев Шық бермес шығайбай тұрақты тіркесінде сақталған шығай сөзін көне түркі тіліндегі чығай «кедей, пақыр, жарлы» cөзімен байланыстырады: «Ертеде чығай түркі тілдерінде «кедей» мағынасында айтылған, шық болса «атала, көже» мағынасын білдірген» (ҚТФС 317). Әбдуәлі Қайдар Шық бермес шығайбай дегендегі шығайбай қолданасын сөзбе сөз кедейбай деп көрсетеді:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==