Каржы сауда лексикасы соңғы
185 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қос сөздер мен тұрақты тіркестерде де қоңсы сөзі айтылады: Қоңсы қонды «1. кедейлердің бай ауылдарын сағалап, көрші болып отыруы (салыст.: қырғыз т. қоңсу «байға тәуелді кедей көрші, байдың үлкен үйінің жанынан тігілген қызметкер үйі»)» (ҚTФС 193). Қоңсы болды «Бірге көшіп-қонып жүрді; көрші болды» (ҚС 813) Қоңсы-қолаң «Малды ауылдың малын бағысып күн көретін кедей үй, ауыл» (ҚС 813). Қоңсы-сыбай «көрші-көлем, ауылдас адамдар» (ҚС 813): Көп қайырың тиеді Еліңде қоңсы-сыбайға. Көз салмадың, жан көке, Бірге туған жұбайға (Қобыланды батыр) Түркіжазбаескерткіштерінде қоңсы сөзі тек«көрші»мағынасында жұмсалған: Көне ұйғыр жазулы жазбаларында қоншы «көрші» (ДТС 455). Диуани лұғатит түркте қоңшы «оғыз тілінде көрші, оғыздар қошны дегенді қоңшы деп өзгертіп айтады» (DLT 219/188). Алаш қайраткерлері тілінде де қоңсы көрші мағынасында жұмсалған: «Бірақ бұлардың қоныстарының басқалығы, басқа халықтармен араласуына қарай тілдері де өзгерген, түрік сөзінің орнына парсы, араб сөздері араласқан. Әсіресе, араб, парсыларға қоңсы , жақын – түріктер. Түріктер ескі түрік тілін жоғалтуға жақындаған. Бұл күнде түріктерде шығып тұрған газет, журнал, әртүрлі кітаптарды қарасаң, үштен бірі түрік тілінде емес (Малдыбаев, Тіл турасында, Айқап №4, 1912). (Әбілқасымов 1993). Қоңсы сөзінің қошны деген фонетикалық нұсқасы да бар: Қошны «көрші»: Бөрі қошнысын йимес «Бөрі қасындағыға қастандық етпес» (DLT 542/443); қошны-қонум «көрші-қолаң, көрші-көлем» (DLT 70/56). Құтты білікте қошны «көрші» (KB 140...). Хорезм дәуірі мұраларында қоңшы «көрші» (ME.113-1; KE.204r12). Қыпшақ ескерткіші Кодекс куманикуста қоңшу/қоңшы «көрші» (CC.62a/25; 49a/21). Мәмлүк қыпшақ ескерткіштерінде қоңшы «көрші» (TA.34a/11).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==