Каржы сауда лексикасы соңғы
186 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Шағатай дәуірі жәдігерлерінде қошны «көрші» (Поппе 1938: 406). Анадолы түрік мұраларында қоңшы/қоншу «көрші» (DKK 9-1, 44-6). Қоңсы сөзі қазіргі түрік тілдерінде де көрші мәнінде қолданылады: Қырғыз т. қоңшу «көрші; қоңсы»; қоңшулас «көршілес, көрші ел» (KS 483); қарақалпақ т. қоңшы (KкРС 400); ноғай т. қоңшы (НРС 173); құмық т. хоншу (КумРС 347); қарашай-балқар т. қоншу (KMTS 269); қарайым т. қоншы/қоншу: Гүлме қоншын келир башыңа «Күлме досыңа келер басыңа» (KРПС 370). Ұйғыр т. хошна «көрші»; холум-xoшнилар «көрші-көлем» (YUTS 167); өзбек т. қошни «көрші» (УРС 638). Түрік т. komşu «көрші» (TS II 891); әзербайжан т. gonşu (AДИЛ I 546); түрікмен т. ғоңшы/ғоңшы-ғолан (TРС 188). Хакас т. хончых «көрші» (ХРС 286). Ғалымдар қоныш - «бірге қону, мекен ету, орналасу» етістігіне «-ы» немесе «-у» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған деп анықтайды (Eren 1999: 250). Cонда қоңышу > қоңшу > қоңшы > қоңсы секілді дамыған. Сыбай « салт, басы бос, бойдақ, қоңсы» (қараңыз: субай ЭСТЯ). Сыбай (Ақт.: Ырғ., Қараб.; Гур.. Тең.; Алм., Кег.; Қост., Об.; Рес , Орын.) «салт» (салт атпен). Сыбай (Алм., Кег.) «жеке , қара басы». Сыбай (Алм.: Жам., Кег.) «жолдас, ниеттес» (ҚТАС 624). Сыбай-салтаң : Тағы бір қалың топ — сыбай-салтаң əйелдер батысқа қарай тартып барады (М.Ə.). Салтаң сөзі салт сөзінің бір нұсқасы болуы ықтимал. Сонда, «салт, басы бос, бойдақ» мағынасын беретін екі түркі сөзі плеоназм ретінде қабат қолданылып, қалыптасып кеткенге ұқсайды. Қоңсы-сыбай: Көп қайырың тиеді Еліңде қоңсы-сыбайға . Көз салмадың, жан көке, Бірге туған жұбайға. Үстімде сен есенде, Астыңда өзім аманда,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==