Каржы сауда лексикасы соңғы
183 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазіргі түркі тілдерінде, қырғызша үлүш , өзбекше ulush , татарша өлеш , туваша үлеш , башқұртша өлөш , хакасша үліс т.б. түрінде қолданылады. Түрікше сөздікте (TDK) ülüş «үлес, бөлінген бөлік» сөзі бар деп көрсетілсе де оның белсенді сөз емес екені анықталды (бұл мағынада pay, hisse терминдері белсенді). Түрікшеде көне түркі тілінен немесе түркі тілдерінен алып ұсынылған жаңа термин болса керек. Серіктес «ортақ мүдде үшін жұмыс істейтін әріптестер» Серіктес – «ортақ мақсат, мүдде үшін бірігіп жұмыс істейтін адам» деген мағына береді. Бұл сөз қазіргі тілде «әріптес, компаньон, одақтас» ұғымдарында қолданылады. Серік сөзінің төркіні араб тіліндегі ширк деп айтылады, тіліміздің заңына бейімделіп серік болып өзгерген. Қазақ тіліне бейімделген серік сөзіне өнімді төл «-тес» жұрнағы жалғанып жасалған термин. Қырғызша шериктеш, өзбекше пен ұйғырша шерик, түрікмен мен әзірбайжанша şärik деп айтылады. Барлығында «серіктес, компаньон, бірге іс жүргізетін адам» деген мағынада сақталған. Түрік, татар мен башқұртшада ortak және иптәш деген түркіше формасында жұмсалады. Еншілес «мирас, мүлік, мал, дүниеге ортақ адам немесе соған тиісті үлесі бар кісі». Бұл туынды сөз көне түркі тіліндегі инчу «мұра боп қалған, мирас етілген, енші» (ДТС 210) сөзіне қосылып жасалған. Қазіргі түркі тілдерінде енши (қарақалпақ), энчи (қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарашай-балқар, құмық), инжи (түрік, түрікмен, моңғол), эннэ (якут), өнчү (тува), инчі (хакас), инсе (башқұрт) болып жұмсалады. Сондай-ақ, еншілес деген туынды формада бар, мысалы: Қарақалпақ т. еншилес «еншілес»; еншилеслик «еншілестік, еншілестік құқыққа ие болу»; еншили «еншісі бар» (КкРС 193); қырғыз т. энчилеш «еншілес; үлескер, өз үлесін алушы»; энчилик «меншік» (КРС II 455); құмық т. энчили «енші иесі»: энчили мал «жекеменшік дүниесі» (КумРС 359).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==