Каржы сауда лексикасы соңғы
182 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Оны өлшем бірлігі (қадам) мағынасында қолданудан «үлес» мағынасы шықты деген жорамалдар бар, бірақ бұл жөніндегі мәліметтер жеткілікті емес. Кейбір деректерде pay сөзі санскриттің baj («үлес, бөлік») сөзімен байланыстырылып көрсетіледі. Ал baj сөзі сол тілдегі baijaka («бөлшек, шағын бөлік») сөзімен де туыстас деп саналады. Сондай-ақ, санскритте «тағдыр» мағынасында bhāgya сөзі қолданылады. Алайда pay сөзінің санскрит paj («бет, жапырақ») сөзімен байланысы туралы айтылмайды. Орта ғасырлық ұйғыр (түркі) тілінде pa («сындыру, бөлу, үзу») сөзі бар, ол қытай тіліндегі p’o («сындыру, бөлу, жару») сөзімен байланысты деп саналады. Қытай тіліндегі bāo p’i («бөлу, үлестіру») тіркесі де белгілі. Орта ғасыр түркі тіліндегі bağ («бөлік, топ, бөлім») сөзі де осы соңғы түбірлермен этимологиялық тұрғыда туыстас болуы мүмкін. Бірақ pay сөзі, шамасы, парсы тілі арқылы кең географиялық аймаққа тараған. Қазір ол сөз түркілерден бөлек араб, армян, орыс, болгар, грек тілдерінде кездеседі. Араб тіліндегі fey «олжa, соғыс табысы» сөзі де pay сөзімен туыстас болуы мүмкін. Дереккөз: https://aksozluk.org/pay Үлескер «серіктестікте немесе компанияда ақша құйып өз үлесін алушы». Мұнда үлес төл сөзіне парсы тілінен енген соңғы кездері белсенді қызметке ие «-кер» жұрнағы жалғанып жасалған. Үлестес «еншілес, әріптес, істес, ортақтас, серіктес». Үлестес формасы қазіргі түркі тілдерінде кең таралмаған, қазақ тіліндегідей үлестес тұлғасы тек қарақалпақ және татар тілдерінде қолданылады: Қарақалпақ т. үлеслес «үлестес» (КкРС 691). Tатар т. өлештәш «сол мағ.» (ТатРС 1232). Үлес – түбі түркі төл сөз, көне түркі «үлестіру» мағынасындағы үле-/үл- етістігінен жасалған. Моңғол дәуірінде «ұлыс» деп қаған әулетінің әрбір мүшесіне бөлініп берілген аймақты немесе мемлекетті атаған. Бұл ұғым ның тілдік түбірі көне түркі ülüş сөзімен «үлес, бөлінген үлес» байланысты.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==