Каржы сауда лексикасы соңғы

181 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ЭСТЯ авторлары этимолог ғалымдардың (Рамстедт, Вамбери, Брокельман, Дерфер) тұжырымдары негізінде орта (середина) сөзінен шығарады. Ортан, орталық сөздерінің жасалуын да осыған ұқсатады. Айрықша ортақ сөзінің бірінші мағынасы «серіктес», екіншісі «жолдас», үшіншісі «ортақ» екені көрсетіледі (ЭСТЯ I 476- 477). Пай жарнақ болу (Гур., Маңғ.) «ортақ болу, үлеске ортақтасу»: Сол жолы екеуіміз аңды пай жарнақ болып ауладық (Гур., Маңғ.) (ҚТАС 551). Пай «үлес» сөзі жеке өзі говорларда қолданылады делінген: Бұл жер менің өз пайым (Түрікм.: Красн., Байр., Мары, Тедж.) (ҚТАС 552). «Пай» сөзі қазіргі қазақ тілінде «үлес, бөлік, табыс, жарна» мағынасында қолданыла бастады. Бұл сөздің төркіні парсы тілінен делінген. Парсы тіліндегі pāy ( )پای сөзі бастапқыда «негіз, орын, үлес, тірек, аяқ» мағыналарында болған. Кейінірек ол мағыналық дамуда «негізделген бөлік, үлес, тиесілі үлес» деген ұғымға ие болып, экономикалық және шаруашылық контекстке бейімделген. Пай парсы тілінен енген кірме сөз, және ол барлық ортаазиялық және оғыз-қыпшақ тілдерінде (қазақ, қырғыз, өзбек, татар, башқұрт, ұйғыр, түрік) «үлес», «пайда, жарна» мағынасында қолданылады. Халықаралық пай сөзі де ұпаймен байланысты деп ойлаймыз: Ұпайлас (Гур., Тең.) «ортақ, үлестес»: Оның ұпайласы ‒ оның ортақтасы. Ол батағаны Атаниязов, Таласов, Кабановский деген ұпайластарына салыпты ғой (Ә.Сәр., Тол.туғ., 11). Бұрын кедейлер байларға балық аулап беріп ұпай алған. Ау, құрал алып, тапқан өнімді ұпайластарына берген (Гур., Тең.) (ҚТАС 699). Қазіргі кезде ұпай көбіне спорт ойындарына қатысты айтылады, ал ертеректе біреуге тиесілі немесе оның пайдасына берілетін үлес дегенді білдірген. Говорларда бұрынғы семасында сақталған. Пай мен ұпайдың парсы тіліндегі pāy (аяқ, табан, қадам; қадам; үлес; түбі, негіз, жер) сөзінен шығуы ықтимал болғанымен, бұл сөздің шығу тегі нақты анық емес.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==