Каржы сауда лексикасы соңғы
180 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазіргі түркі тілдерінің біразында көне мағынасында жұмсады, мәселен: Қырым татар т. ортақ «серіктес, үлескер» (KTРС 482); қарайым т. ортақ «еншілес, ортақ ие, тең құқылы ие» (KРПС 432); қырғыз т. ортоқ «2. серіктес, еншілес, ортақтас, үлестес, сыбайлас»: Өгүз өлдү, ортоқ айрылды «Өгіз өлді, ортақтас кетті» (КРС II 81); қарақалпақ т. ортақ 2. (арх.) «үлескер, үлестес»; тең ортақ «тең үлестес» (КкРС 500). Ұйғыр т. ортақ «2. серіктес» (YUTS 298). Түрік т. ortak «серіктес, еншілес, ортақтас; үлескер; әріптес» (ТурРС 693); әзербайжан т. ортағ «сол мағ.» (АзРС 234); гагауз т. ортақ «серіктестік, ортақтық» (ГРМС 352). Енді бір тілдерде (қазақ тіліндегідей) туынды формасында жұмсалады: Құмық т. ортақчы «серіктес» (КумРС 228). Kейбір тілдерде қазақ говорларындағыдай «жолдас» деген мәнінде жұмсалады: Өзбек т. уртоқ «жолдас, дос; жар, жұбай ( турмуш урток )» (УРС 638); ұйғыр т. ортақ «жолдас» (YUTS 298). Қарайым т. ортақ «жар, жолдас, жұбай» (KРПС 432); қырғыз т. ортоқ «жолдас»: Күндүзкү аштын ортоғу көп «Күндізгі астың жолдасы көп» (КРС II 81). Қазіргі түркі тілдеріндегі ең кең таралған мағынасы «көпшілікке немесе екі кісіге ортақ, бәріне тиесілі» екені белгілі, мысалы: Ноғай т. ортақ (НРС 251); татар т. уртақ : Тапкан мал уртак «Тапқан-тапқан ешкі баққан» (ТатРС 985); башқұрт уртақ : Сиберзәң йөзө уртақ, останың қулы уртақ «Сұлудың жүзі ортақ, ұстаның қолы ортақ» (БТҺ II 479); түрікмен т. ортақ: Ортақ малы ит йимез «Ортақ малды ит-құс жемес» (ТРС 492); алтай т. ортоқ «ортақ» (АлтРС 510). Будагов өз сөздігінде «Парсылардың моңғолдар туралы жазбаларында ортақ сөзінің көпес, алып-сатар» мағынасында ұшырасатынын жазған. Мұнымен бірге Тоқтамыс жарлықтарында да осы мәнінде жазылғанын айтқан. Тоқтамыс жарлығындағы тіркес: Базерган (немесе бизирган) ортақларың дағы бурушсун «Алып сатар, көпестерің де қайтсын енді» (Будагов I 122).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==