Каржы сауда лексикасы соңғы

179 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «ҮЛЕСКЕР, СЕРІКТЕС, ЕНШІЛЕС» ДЕГЕНДІ БІЛДІРЕТІН ЛЕКСИКА Ортақ «серіктес, еншілес, иелес, үлестес, ортақтас, ортақ істес; үлескер; серік, әріптес, жолдас»: Ортақ сөзі қазақ тілінде көбіне «көпшілікке арналған ортақ, баршаға тиесілі немесе тән» мәнінде жұмсалады. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «бірлестік, шаруашылық» мағынасындағы ортақ сөзі историзм деп берілген. Ортақ болды «қожалық етісті, бөлісті» (ҚТТС 640) деген тіркес құрамында да айтылған. Қазақ әдеби тілінде осы түбірден өрбіген ортақтас «еншілес, иелес» туынды формасы жұмсалады. Қазақ говорларында болса, көне «жолдас» мағынасында сақталған: Ортақ (Қ.орда, Арал) «жолдас». О, не дегенің, ортақ капитан (Нұрпейісов 1950:82) (ҚТАС 540). Ортақ сөзі «серіктес» мағынасында көне ұйғыр дәуірінен бері қолданылып келеді: Көне ұйғыр жазулы мәтіндерінде ортуқ «серіктес», ортуқлуқ «ортақтық» (EUTS 143) Диуани лұғатит түркте ортақ «серіктес, ортақтас» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 778). Бұл ескерткіште төмендегі мақалда да айтылады: Ортақ ерден артуқ алмас «Ер өз ортақтасынан артық алмас» (ДТС 371). Орта ғасыр жазба мұраларында да осы мағынасында көрінеді: Хорезм, Алтын орда дәуірі жәдігері Ибн Мүхенна лұғатында ортақ «серіктес» (Battal 1997: 53); Ортаазиялық тәпсір кітабында ортақ «сол мағ.» (Боровков 1963: 238). Мәмлүк қыпшақ ескерткіші Әт түхфетүз зәкиеде (Китаб ат- тухфа аз-закийа фил-луғат ат-түркийа, орысшасы: Изысканный дар тюркому языку) ортақ «серіктес (компаньон)» (Atalay 1945: 222); Китабу межму тержумани түркиде (Книга толкования тюркского языка) ортақ «сол мағ.» (Құрысжанов 1970: 176). Шағатай мұраларында ортақ «иелес, иеліктің ортақтасы» (Боровков 1961: 94).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==