Каржы сауда лексикасы соңғы
176 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «Айыру» етістігі барлық түркі тілдерінде бар және мағына жағынан «бөлу», «бөлшектеу», «ажырату», «айырбастау» деген ортақ түбірлік семантикаға ие. Бірақ дәл қазақ говорларындағы «ақшаны ұсақтау» мағынасы басқа тілдерде байқалмайды, түркі тілдерінде бұл мағына «бұзу», «майдалау» (bozdurmak, maydala-) сияқты етістіктер арқылы беріледі. Айырбастау (МХР) «ақшаны ұсақтау, майдалау» (ҚТАС 32). Айырбастау етістігінің ауыстыру (поменять деньги) деген негізгі мағынасынан тұтас ақшаны майдалау деген екінші мағынасы туған. Айыру және бас деген екі сөзден жасалған сияқты, сондағы бірге бір, басқа бас айырбастау болып шығады. Екінші жағынан, айыр - «бөлу», «ажырату», «басқаша ету» және бас - «басқаға айналдыру», «басқа нәрсемен алмастыру» мағынасында тұруы мүмкін. Бастапқы «бір нәрсені басқа нәрсеге ауыстыру» мағынасынан кейін бұл сөздің қолданысы ақшаға қатысты кеңейді: ақшаны айырбастау – «валютаны ауыстыру» (жалпы мағына); диалектілерде – «тұтас ақшаны майдалау», яғни бір ірі ақшаны бірнеше ұсақ ақша ға айырбастау деген мағына туындады. Басқа түркі тілдерінде де ұқсас даму бар: түрікше para bozdurmak – «ақшаны айырбастау» (іріге немесе майдаға). Өзбекше pulni ayirboshlamoq – «ақшаны айырбастау» (кейде «майдалау» мағынасында да қолданылады). Қырғызша акча айырбаштоо – жалпы айырбастау, бірақ контекстте майдалау дегенді де білдіруі мүмкін. Бұзу (Орал, Чап.) «айыру, майдалау (ақшаны)»: Он сомды бұзып берші (Орал, Чап.) (ҚТАС 157). Бұзу етістігінің ақша майдалау мағынасында Қызылорда об лысында да қолданылатынын көруге болады. Қазіргі кейбір түркі тілдерінде осы етістік «ақша ұсақтау» дегенді білдіреді, мысалы түрік тілінде para bozmak , әзербайжан т. рulu bozmaq , өзбекше рulni buzmoq , қарақалпақ т. пұлды бұзу , т.б. Барлығында да семантикалық даму бір бағытта жүреді: «бүтінді сындыру / бөлшектеу» → «ірі ақшаны майдаға бөлу».
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==