Каржы сауда лексикасы соңғы
175 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «АҚША ҰСАҚТАУ» МАҒЫНАСЫНДАҒЫ ЕТІСТІКТЕР Ақшаны ұсақтауға байланысты тілдік бірліктер – қазақ тіліндегі етістік жүйесінің семантикалық даму жолын, сондай-ақ түркі тілдеріндегі ортақ заңдылықтарды айқын көрсететін құбылыстардың бірі. «Ақшаны ұсақтау», «майдалау», «айыру» сияқты әрекет түрлері тілде әр аймақтың, әр диалектінің өз ерекшелігімен көрініс береді. Мысалы, «айыру» етістігі бастапқыда «бөлу», «ажырату» мағынасынан дамып, бүтін ақшаны бөлу, майда ақшаға айналдыру деген жаңа мағынаға ие болған. «Айырбастау», «бұзу», «қырдалау», «майдалау», «уақтау», «уату», «ұсақтау», «ұсату» сияқты етістіктер де осындай семантикалық кеңею мен ауысудың нәтижесі ретінде қалыптасқан. Бұл сөздердің барлығы – бөлшектеу, үгіту, кесу, майдалау сияқты денотативті әрекеттердің негізінде пайда болып, кейіні рек экономикалық-тұрмыстық мағынада (яғни «ақшаны майдалау» мағынасы) қолданылған. Мұндай мағыналық ауысу тек қазақ тілімен шектелмей, басқа түркі тілдерінде де ұқсас бағытта дамыған: түрік тіліндегі para bozdurmak , өзбекше maydalamoq , түрікменше maýdalamak , қарақалпақша usakla - сияқты етістіктер соның айғағы. Талдау барысында «ақшаны ұсақтау» әрекесін білдіру үшін қолданылатын тілдік бірліктердің түп-төркіні, семантикалық ауысу механизмі және түркі тілдеріндегі ұқсастық пен айырмашылықтар қарастырылады. Осы арқылы диалектілік және жалпытүркілік деңгейде бір етістік мағынасының кеңеюі мен тұрақтану үрдісін байқауға болады. Айыру (Көкш.: Еңб., Щуч., Қ.ту; Қост., Семиоз.) «ақшаны ұсақтау»: Шырағым, мына 50 сомды 5 теңгеден айыра аласың ба? (Қост., Семиоз.). Мына бір жүз сомды айырып берші (Көкш., Щуч.) (ҚТАС 33). Айыру етістігінің негізгі мағыналарының бірі – «бөлу, бүтіннен ажырату, бөлшектеу». Осы семасынан бүтін ақшаны бөлу деген жаңа мағынадағы айыру етістігі пайда болған.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==