Каржы сауда лексикасы соңғы
174 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ немесе кірме элементтердің де кірігуі әсер етеді. Мәселен, көне түркі дәуірінде үстем болған түркі ақша атауларын орта ғасыр да араб-парсы мәдениеті және сауданың дамуымен бірге келген дирхам, динар, ділда, манат, пұл терминдері актив қолданысқа кіріп, төл атауларымызды қолданыстан ысыра бастаған. Олар да уақытпен ұмытыла бастап көбі кісі есімдерінде ғана сақталып қалды я болмаса басқа тілдерде ресми валюта атауы ретінде өмір сүруде. Дегенмен солардың ішінде ақша, теңге, тиын терминдері суырылып шығып тілімізде белсенді қолданысқа ие болды. Ал бақыр, шақа, жармақ атаулары бірте-бірте ұмытылып историзмге айналуда. Тарауда айтылмай кетпей біз білмей қалған ауызекі тілде, жергілікті сөйленістерде айтылатын өзге де сөздердің кездесетінін жоққа шығара алмаймыз. Еліміз тәуелсіздігін жариялап теңге мен тиынға жаңа леп бергеніндей, өзге ақша атауларын да белгілі бір мағынада қайта актив лексикаға айналдыру мүмкін, мәселен жамбы атауы жамбы ату ойынынан біліне бастады. Осындай тілдік реформалармен әлі де біраз сөздерді тірілтуге болар еді, өйткені көнерген атауларды зерттеу, олардың негізгі мағынасын түсіндіру арқылы жаңа сөз тудыру үшін де маңызды, бір ғана мысал тілдегі диалектизмге айналған пұл сөзі айыппұл, жөргекпұл, өсімпұл, шайпұл секілді жаңа терминдердің құрамында қолданылып, әдеби тілімізге қайта кірді. Қазақстанда ақшаның тарихыкөне замандардан бастау алатынына қарамастан қаржы терминдерін тілдік тұрғыдан зерттеу қолға алынбағаны назар аудартады. Зерттеу ең бастысы осыған мән беріліп, ақша атауларына жалпы лингвистикалық талдау берілді. Тараудағы тілдік талдаулардың көбінде өзіміздің тұжырымдарымыздан бөлек ғалымдардың ұсынған әрі олардың ішінде шындыққа жанасады деп тапқан пікірлерін қолдаумен және ол талдауларға қосымша дәлел мысалдар берумен ғана шектелді. Басты мақсат – қазақ тіліндегі лексикалық қордың көнелігін көрсету, кірме сөз емес төл элементтер екендігін дәлелдеу, қаржы тарихының тамыры тереңде жатқанын көпшілікке жеткізу.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==