Каржы сауда лексикасы соңғы

173 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Хорезм дәуірінің Ортаазиялық тәпсір кітабында йармақ «монета, тиын; ақша» (Боровков 1963: 146). Мәмлүк қыпшақ жазбаларынан Китабу межму тержуманда йармақ «күміс тиын» (Құрысжанов 1970: 125). Шағатай жәдігерлерінде йармағ «ақ, ашық түсті алтын» (Боров­ ков 1961: 250; Будагов II 326). Анадолы түрік ескерткіштерінде йармақ «ақша; тиын, монета» (TS VI 4359). Қырғыз т. жармақ (диал., арх.) «мыс тиын; ақша; тамақ, ауқат» (КРС I 235). Ұйғыр т. йармақ «Қытай мыс ақшасы» (YUTS 460); ұйғыр тілінің диалектілерінде jarmaq «a false copper coin (қолдан құйылған мыс тиын)» (Jarring 1964: 150); йамақ «қызыл мысты монета» (Малов 1954: 154). Клаусон жармақтың жару, жарма етістіктерімен байланысты бола алатынын, сонымен бірге Тохар тіліндегі йарм «өлшем» сөзіне қатысты болу мүмкін екенін жазған. Көне түркі ескерткіштерінде ең алғаш «металл ақша, тиын» мағынасында қолданылып, кейін келе «жалпы ақша» мәніне ауысып, мағынасының кеңейгенін айтқан (Clauson 1972: 907a). Вамбери түркі тілдеріндегі жару етістігінің «жарқырау» мә­ нінінен туындаған деп анықтап, басқа ғалымдар (Дерфер, Рясянен, т.б.) да осы пікірді қолдайды (ЭСТЯ IV 144). Сайып келгенде, ақша мағынасында қазақ тілінде аз сөз кездеспейді. Бірақ олардың бұрын басқа мағынасы болғаны қызықтырады. Мысалы тиын – «тиін терісі», пұл – «қымбат мата түрі», теңге – «күміс монета», сом – «алтын кесегі» сөздері басында басқа мағынада қолданылып, кейін «ақша» мағынасына ауысқан. Ақша сөзі де осылай басында ақ немесе күміс тиынға қатысты айтылып, ол тиынның қолданысы кеңейгеннен кейін жалпы ақшаны білдіре бастады. Осылайша қаржы атауларының көбі көне түркі тілінен келе жатқан өзіміздің төл сөздеріміз cаналады. Олардың мағынасын түсіндіріп, тіл айналымына қайта кіргізбесек дәлдір, бақыр, шақа, жармақ, елгей, сөлкебай, мір, жамбы, қойтұяқ , тай тұяқ, аққұй­ рық, күреш, т.б. көнерген сөздер сияқты ұмытылып кетуі ғажап емес. Олардың ұмыт болуына синонимдес сөздердің белсенді қолданылуы

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==