Каржы сауда лексикасы соңғы

172 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Түбі моңғолша сөз: Монғолша төсөв «смета; бюджет» (МҚС 190). Бұның түбірі төс- етістігі «негіз ету, арқау қылу, тірек ету». Осыдан туындаған төсөв «негізге салынған есеп», яғни жоспарланған қаражат». Жаңа мағынасы: «есеп, жоспар, қаражат». Бұл туралы алтаист ғалымдар ескертеді: «В самом монгольском языке төсөв имеет исторически последовательную цепочку значений – «предположение», «намётка», «смета», «бюджет» – которая указывает на его происхождение от глагола төсөх «понимать в основном», «предполагать», «разбираться» (Бертагаев 1971: 91). Жармақ (көне) «бақыр тиын өлшемі, бір тиынның сегізден бір бөлігі» (ҚТТС 273). Қазақ говорларында өзге мағыналарында да айтылады: Жармақ (Алм., Жам.) «садақа, қайыр»: Түйесін жармаққа беріп, өзі әрі қарай жүре беріпті (Алм., Жам.). Жармақ (Қ.орда: Сыр., Жал.) «ұнның кебегі»: Ұнның жармағын жеген мал тез семіреді (Қ.орда, Жал.). Жармақ (Шығ. Қаз., Зайс.) «таза бидайдан қалған қалдық»: Жармақтың тазасын айырып, дәнін клетке өткіземіз (Шығ. Қаз., Зайс.) (ҚТАС 241) . Көне ұйғыр жазулы мұраларында йармақ «металл ақша, монета, тиын» йармақ күмүшке тоғуру томыды сатдым «күміс ақшаға тіке саттым» (Yamada 1993: 301); сатыр йармақ «монета, тиын (звонкая монета)» (ДТС 491); йартмақ «ақша, тиын» (ДТС 243). Диуани лұғатит түркте йармақ «ақша; тиын ақша»; йармақлан- «ақшалы болу» (Atalay 1998: 35). Мен йармақ өтнү бердим «қарызға ақша бердім» (Atalay 1998: 130). Ол йармақ өкди «Ол ақша жинады» (Atalay 1998: 168). Ер йармақланды «Ол кісі ақшалы болды» (DLT III 116). Йанчық ичре йармақ қауранды «Қапшығынан ақша іздеді» (DLT II 250). Құтты білікте йармақ «ақша» (KB 6470…). Хорезм дәуірі жазба жәдігерлерінен Құл Алидің Қиссасүл Юсуф атты кітабында йармақ сөзі «ақша бірлігі» боп жұмсалған (Мухамадиев 1983: 38).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==