Каржы сауда лексикасы соңғы
171 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Сөлкебай сөзі ерте кезде жиі айтылушы еді (Қ.орда, Сыр.). Сен еңбегіңе неше сөлкебай алдың (Жамб., Сар.). Он жылдықты үздік бітіргендерге берілетін медаль сөлкебай түрінде болады (М. Мағ., Қиян. қыст., 220). Бұл кездің қыздары сөлкебай мен шаштеңкені тағуды қойды ғой (Қост., Фед.) (ҚТАС 608). Говорлық ерекшелік делінген сөз Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде де берілген: Сөлкебай көне «бір сомдық күміс ақша; күміс тиындар мен таналарды тізбектен жасаған шашбау» (ҚТТС 740). Сөлкебай терминінің орысша целковый деген сөзден ауысып бейімделгенін көреміз. Бұл туралы 1883 шыққан И. Букиннің Киргизко-русский сөздігінде жазылған. Төгірік (МХР) «Монғолияның ақша бірлігі (тугрик)»: Одар бұл нөсте үшін қанша төгірік сұрап тұрғанын білесің бе? (МХР) (ҚТАС 675). Төгірік – «дөңгелек» деген мағынадағы моңғол сөзі. Тува тілінде акша-төгерик (ТувРС 50) деп қос сөз түрінде айтылады. Көне түркі тегирме «дөңгелек», орта ғасыр түркі тілінде тигрек «дөңгелек», алтай т. тегирик , құмық т. дөгерек , қалмақ т. төгрөг және моңғол тіліндегі тугрик (ақша) бәрі бір бірімен байланысты екендігі дәлелденген: « Düxerig «круг»; др.-тюрк. tegirmä «круглый»; ср.-тюрк. tigräk «кольцо, круг»; алт. tegerik , кум. dögerek , сиб.-тат. tägärik ~ tügäräk «круг», «круглый»; кар. tegere , ср.-монг., м.-п. tögerig ~ tögürig «круглый»; калм. tögrg , м. tögrög «круг», «тугрик (денежная единицав Монголии)», «круглый». Ср.: алт. ter- «кружить, объезжать кругом»; тув. teger- «кружиться, описывать круг» (Щербак 2005: 34). Әрине ендеше қазақ тіліндегі дөңгелек, тегершік, төңірек сөздері де төгірік сөзімен төркіндес болып шығады. Теңгенің де түбі «дөңгелек» семасына апаратын тең сөзімен байланыстылығы жоғарыда айтылған. Төсіп (МХР) «қаражат, ақша»: Төсіп жетпіспейді (МХР) (ҚТАС 676).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==