Каржы сауда лексикасы соңғы
170 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ 456). Парсы тілінде χurda خرده деген сөз бар, мағынасы «бір нәрсенің бөлігі, кішкентай бөлінген сынығы», түрік тілінде ұсақ металды hurda, hırdavat дейді, түрікмен тілінде де қолданылып, сол жақтағы қазақтардың тіліне ауысқан. Қырман қырып жатыр (Көкш., Қ.ту) «ақша тауып жатыр»: Бейсен қалада қырман қырып жатыр (Көкш., Қ.ту) (ҚТАС 457). Қырман сөзінің «астық, егін» деген мағынасы да бар, «егін егіп, ақша тауып жатыр» семантикадан шыққан болса керек. Салыст.: Қырман толсын «астық көбейсін деген мағынадағы тілек». Қырман көтеру «егінді жинап болу, бітіру; қырмандағы бидайды суырып, жинап болу». Мір/мірі «бақыр ақша; бес тиындық бақыр ақша»: Екі мірің бар ма? (Алм., Шел.). Сен де бір тесік тассың мірге өтпеген (Жамб., Сар.) (ҚТАС 518). Мір сөзінің түпкі семасы «нысана, көздеген нүкте, оқ, садақ» деп айтылады. Қазақ тілінде сөзі мірдің оғындай тұрақты тіркесінде кездеседі. Мерген атауының түбірі де осы сөз екендігі тұжырымдалады. Десек те оның «тиын» мағынасы сол мағыналарынан ауысып келгендігі жөнінде пікір бар: «Сәрсен Аманжоловтың «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» (1959) деген монографиялық еңбегінде «мір» сөзіне «бес тиын» деген түсінік берілген. Әрине, қазақ тілінде кейбір сөздер жергілікті тіл ерекшеліктеріне қарай әртүрлі айтылады. «Мір» сөзінің қолданылу территориясы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы деп көрсетілген. Әдеби тілді осындай диалект сөздерді енгізу арқылы толықтырып жататынымыз жасырын емес. Мәселен, тіліміздегі құжат, дәке, үшем , т.б. сөздері кезінде диалект сөздер болып саналатын еді. Қазіргі таңда олар әдеби тіл болып орнықты. Сонда «мір» сөзі оқты кеңестік кезеңдегі бес тиынның көлеміне қарай салыстырудан туған болуы да мүмкін» (https://okg.kz/ post?id=31772&slug=sozi-tili-mirdin-ogyndai). Сөлкебай «ақша, бір сомдық ақша, сом, теңге; түрлі әшекей бұйымдарда қолданылатын тиын; шашбау түрі»: Сен еңбегіңе неше сөлкебай алдың (Жамб., Сар.) (ҚТАС 604).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==