Каржы сауда лексикасы соңғы

169 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Сондай-aқ көз сөзі монетаның ортасындағы ойықты немесе дөңгелек өрнекті, таңбаны білдіреді. Көне түркі, ортағасырлық шығыс тілдерінде тиынның ортасы «көз» деп аталған. Осымен де байланыстығын жоққа шығармаймыз. Қара тыйын (Атыр., Маңғ.) «қара бақыр, жез ақша»: Қалтасындағы бар 5-6 қара тыйынға дейін берсе керек (ҚТАС 392). Тиынның қара түсіне қарап қойылған болса керек, өйткені мыс пен қоладан соғылған ұсақ монеталар күңгірт, қаралау түсті болғандықтан «қара ақша», «қара тиын» деп аталған. Осыдан барып «қара тиын» деген – ең ұсақ, құнсыз ақша мағынасын алған. Ал ақ түсті күміс тиындарға ақша делінген. Қазақ тілінде қара тиын тіркесі бейнелі мәнге де ауысып кеткен: Қара тиын бермеді «түк те ақша бермеді». Қара тиынға тұрмайды «құны жоқ, пайдасыз». Осылайша қара тиын бастапқыда металл түсіне (мыс-қола), кейін номиналдың арзандығына байланысты шыққан. Тілімізде осыған ұқсас көк тиын деп те айтылатын еске саламыз. Қат мал (Жамб., Мер.) «базар ақшасы, базарда сатылатын мал үшін төлейтін ақша». Қат малын сен төлейсің (Жамб., Мер.) (ҚТАС 401). Бұл жерде қат «тапшы» мағынасындағы сөз болуы мүмкін. Қоспа (Жезқ., Ұлы.) «біреуге бір нәрсе алып келу үшін берілген ақша»: Жеңгей Базарбайға көйлекке қоспа қосып жіберді (Жезқ., Ұлы.) (ҚТАС 427). Бұл жерде түсінікті, әдеби тілде белсенді жұмсалатын қосу етістігіне есім жасаушы «-па» жұрнағы қосылып жасалған қосымша «ақша», «қосып берілген қаражат» мағынасындағы сөз тіркесі қоспа болып қысқарған. Қырда (Түрікм.: Красн., Небид., Жеб.) «ұсақ ақша»: Қырда пұлың бар ма? (Түрікм., Красн.). Қырдасын сұрағандарға: қырда да ақша болып па, еңбектеніп қайта санап берерліккер, дейді («Жұм-шы», 20.07.1945) (ҚТАС

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==