Каржы сауда лексикасы соңғы

168 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Елгей сөзінің ілу этнографиялық атауымен байланыстылығы айтылады: «Үйленуге байланысты көне заманнан белгілі салт атауының бірі – ілу. Ілу «кұдандалы адамдардың бір-біріне сыйға тартатын, құрмет үшін беретін заттарды, тарту». М.Әуезовтің қолданылуында қалыңның бас сыйлығы. Мысалы, қалыңмал басы. Алшынбай­ дың өзіне арналған кесек күміс бесік жамбы. Бұл ілу деп аталады (М.Әуезов). Е.Жанпейісовтің түсіндіруінше, ілумоңғолдың «1) бесік, 2) сом күміс, алтын» мағынасындағы өлгий сөзінің қысқартылып, ықшамдалған түрі. Және ол қазақ тілінде ежелгі дәуірдегі «күміс ақша, теңге, жамбы» мағынасында қолданылған елгей сөзімен байланысты (Ақажанова 2010: 1). Жамбы 1. (көне) «әртүрлі формада (тай, тайынша, қой тұяғындай) құйылған, салмағы әрқалай ақша орнына жүрген таза, сом күміс». 2. «ойын, тойларда мергендер атын түсіру үшін тігілетін сом күміс не қымбат металл». Жамбы ату «биік бағанадағы жамбыны ат үстінен мергендік­ пен ататын спорт ойыны». Жамбы ілу (этн.) атнен шауын келе жатып, жерден жамбыны алып кету. Жамбыдай «Жамбы тәрізді аса қымбат» (ҚТТС 262). Жамбы сөзінің төркіні қытайдікі деп айтылады, тіпті юань деген валюта атауының өзі осымен байланысты: «Жамбы – кесек күміс ақша. Қазақтың «жамбы ату» деген ұлттық ойыны бар. «Жамбы» сөзі бізге не мұңалдардан, не сауда арқылы өзбек-ұйғырлардан келген. Ал ол тілдерге қытай тілінен енген. «Юань» (монета, ақша) және «бао» (бағалы, құнды) деген сөздерден жасалған «Юаньбао» атауы мұңалдарда – Юмбүү және Ямбаа, ұйғырларда – Ямбу, қырғыздарда – Жамбы боп бейімделген» (ҚЭС 80). Толығырақ жамбы тараушасында жазылған. Қаракөз ақша (Атыр., Маңғ.) «күміс ақша»: Он мәнет қаракөз ақшасы бар (ҚТАС 389). Тиынның сыртқы пішіні мен түріне қарап қойылған халықтық атау болуы мүмкін, десек те қарагөз балығының қабыршақтарына ұқсайтын ақ тиынға қарата айтылуы ғажап емес.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==