Каржы сауда лексикасы соңғы

167 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Орысша «чаевые» жаңа қолданысының орнына да шайпұлмен бірге шайлық сөзі айтылады. Дәлдір (Маңғ.; Гур., Есб.) «күміс ақша, күміс тиын»: Жігіт күнімізде орамалға түйген дәлдірді атпен шауып келіп, жерден қағып өтуші ек (Маңғ.) (ҚТАС 187). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде де бұл сөз келтірілген: дәлдір (көне) «күміс ақша» (ҚТТС 191). «С.Аманжолов мұраларында ежелгі халқымыздың басқа халықтармен аралас-құралас өмір кешіп, сауда-саттықпен айна­ лысқандығын білдіретін ақша атауларына қатысты диалектілер де арнайы сипатталады. Ежелгі ата-бабаларымыз күміс ақшаны «дәлдір» және «қара көз ақша» деп те атағандығы жайында ғалым құнды мәлімет береді. Бұл атаулар бір затты екіншіге ұқсату танымына байланысты және өзінше ерекшелігін танытатындығына байланысты қойылған екендігі көрінеді» (Иманқұлова 2016: 40) Қазақстанның батыс аймағының кей жерінде бұл сөз дәлір/дәлер түрінде айтылады. Дәлір (Маң.: Маңғ., Шевч.) «күміс ақша»: Келін түскенде жолына дәлір шашатын ырым болады (Маң., Маңғ.). Тасталар дәлір , жамбы, тана тойға, Кимешек кигізеді-ау тағы апайға (X. Ерғ., Күр., 35) (ҚТАС 188). Дәлер (Рес., Орын.) «бір сомдық күміс теңге»: Күміс теңгенің үлкенін дәлер теңге деген (Орын., Бер.) (ҚТАС 188). Дәлдір/дәлір/дәлердің төркіні тилла (ділдә) «алтыннан соғылған ақша бірлігі, тиллар «сол ақшаның көптік түрі, яғни алтындар, алтын ақшалар» болса керек. Я болмаса тилла динар (ділдә динар) қос сөзінің ықшамдалған түрі ме, ілгеріде әлі де анықтау қажет. Елгей (көне) «ежелгі дәуірдегі күміс ақша, теңге, жамбы, сөлкебай» (ҚТТС 221). Екеуің шүйіншілеп келдің, дейді, Құдай-ай, бір қуанышты көрдім, дейді. Мұныменен қоймаймын екеуіңді, Үйден барып берермін жүз елгейді (Қозы Көрпеш-Баян сұлу).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==