Каржы сауда лексикасы соңғы
166 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Тапқан-таянған «Жиған-терген бар қаражат, барлық табысы, жинағаны, қолындағы азын-аулағы» (ҚТТС 782). Тапқан – «табудан шыққан, тапқан дүние, табыс». Таяған – «таянақ қылғаны, сүйеніш қылғаны, қолда бар азын- аулағы». Сол себептен «тапқан-таяған» – адамның бар тапқаны мен бар сүйенішін, қаражаты мен нәпақасын түгел қамтитын тұрақты қос сөз. Көбінесе ауызекі тілде айтылатын осы қос сөз түбі қазақша екі етістіктің есімшелі формасындағы қолданысынан жасалған. Мұндай қолданыстар тілде кездеседі, мәселен жиған-терген қос сөзі бұған ұқсайды. Қырғыз тілінде тура осындай тапкан-таянган нұсқасы қолданылады. Өзбекшеде сәл өзгешерек топган-тутган , татаршада тапқан-жыйған деп айтылады. Тоймал «тойға жұмсалатын қаражат»: Кенжебек тоймал жинап, той жасағалы жүр (Павл., Үрлі.) (ҚТАС 667). Той және «дүние, ақша» мағынасындағы той сөздерінің қосылуынан жасалған. Той шығыны, той ақшасы дегенге келеді. Бұл сөз тіркесі жасалу жағынан тояна «туған-туыстар мен жолдас-жобалардың тойға қосқан көмегі: мал, ақша т.б.»: Әйтсе де қос құданың тойына кім не қосты, тояна той шығынын өтеді ме, жоқ па? Бұл жағы, әрине, беймәлім (Соц. Қаз., 13.06.1976, 4). Ал тойға шақырған қонағынан бұрын тоянасын есептейтіндер аз ба? Той тоянасымен қызық (Қаз. мақал-мәтелі, 197) (Қалиев 2014 23 ). Шайлық «шай-жемін алуға ғана жарар пұл, қаражат» (ҚТТС 894). Бұл да «шай-пұл, азын-аулаққа тамаққа жететін ақша» деген мағынада қолданыла бастаған қолданыстың бірі. Тура мағынасында «шай ішуге жететіндей ақша», ауыспалы мағынасында «шамалы ғана ақша». Соңғы кездері «Айлығы шайлығына да жетпейді» деген тіркес күйінде айтылып жүр. 23 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2007.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==