Каржы сауда лексикасы соңғы
165 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Бірақ бұл шіріңке сөзіне қатысты. Ол да түрлі фонетикалық нұсқалары мен туынды формаларында жұмсалады: Шіріңке «саудаласушылардың арасында делдалдық жасағаны үшін алатын ақы»: Базарға бүгін Тұрардың Қырғызбай атасы келеді. Делдалдыға жүріп, «шіріңке» тапқан күні атасы көңілі түсіп, Тұрарға бес-он тиын берер еді (Ш. Мұртаза, Қызыл жебе). Бара бер, Қыреке, бара бер. Жолыңнан қалма. Әйтпесе, әр қойдан алатын он тиын шіріңкеден құр қаласың (Қызыл жебе). Шіріңкеші «шіріңке алушы, делдал». Делдалдық деуге де келмей ме, қалай? Әйтеуір, Ахтиярдың қыр жұртында шіріңкеші атанғаны анық (Т.Әлімқұлов, Көкек айы, 35). Шіріңке! Оны Бөрбек жобалап түсінеді. Шіріңкешінің қай заманда да болғанын, оның жолы жіңішке екенін Бөрбек білмейді. Білген күннің өзінде одан енді келер зиян жоқ. Ал пайда келуі мүмкін (Әлімқұлов, Алғырдың тамыры). Шірінкене (Шымк., Түркіс; Жамб., Жам.) «сауда жасайтын адамдардың арасына кірісіп делдал болғаны үшін алатын ақша». Шіріңкенеші (Қарақ.) «делдал, сауда арасында жүретін кісі» (ҚТАС 782). Бұлардың барлығы парсы тіліндегі сөз деуге болады, өйткені тәжік пен өзбек тілінде сол қолданыс ширинкома деп айтылады: Тәжік т. ширинкома «делдалға немесе дилерге сыйақы ретінде сатып алу-сату мәмілесінен кейін төленетін сома» (ТСТЯ 22 ) Өзбекше ширинкома «сол мағ.» (РусУС 1954). Бұл атау «тәтті» дегенді білдіретін шырын сөзі мен «тілек (қалау)» мағынасындағы қом сөзінің қосындысына «-а» жұрнағы қосылып жасалған. Сөзбе-сөз «тәтті қалау» дегенді білдіреді, содан «алып-сатудағы делдалға берілетін ақы» деген мағынадағы термин жасалған. Қазақ тілінде сіріңке, шіріңке, шірінкене (үшінші варианты түпнұсқаға жақын) нұсқаларында айтылады. Демек Түсіндірме сөздікте көрсетілгендей, «шырпы» мағынасындағы сіріңке сөзіне қатысы жоқ болып шықты. 22 Толковый словарь таджикского языка (в 2 томах). — Душанбе, НИИ языка и литературы им. Рудаки. Под редакцией Сайфиддина Назарзода. 2008.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==