Каржы сауда лексикасы соңғы
164 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қаржы «қаржы, ақша, пұл»: Қаржылау/қаржыландыру «қаржы беру, қаржымен қамтамасыз ету». Қаржылай «Ақшалай, пұлдай» (ҚТТС 485). Арабша хрж түбіріненшыққан харж « َخرجْ шығу; шығыс, шығын, ақша жұмсау, төлеу; бас салығы» сөзімен тікелей байланысты. Түркі тілдерінде бұл термин кең таралмаған, мысалы қазақ пен қырғыз қаржы сөзін белсенді термин ретінде қолданса, өзбек, ұйғыр, түрік, әзербайжан, түрікмендер арабша «maliye ( мал түбірінен шыққан, «малға яғни ақшаға, дүниеге қатысты» деген мағынада)» сөзін қолданады. Татар, башқұрт тілінде ресми термин ретінде орыс тілінің ықпалымен «финанс» жұмсалады. Түркі тілдерінде қаржы терминінің түбірі харж түркі тілдерінде «шығын» семасында айтылады, мәселен түрік тілінде harç , татарша харж , башқұрт тілінде хәрж , өзбек тілі xarj , ұйғырша xarj , әзербайжан тілінде xərc . Сонда қаражат термині де осы қарж түбірінен шыққан, ал «-ат» араб тілінде көптікті білдіретіні аян, екеуін қосқанда шығыстар, қаржылық шығыстар деген шығады. Өзбекшеде харажат, ұйғыр тілінде xirajət болып жұмсалады. Мал-пұл «дүние-мүлік, қаражат» (ҚТТС 579). Мал-пұл – «мүлік, тауар, зат, қазына; мал-дүние» мағынасында көне түркі дәуірінен бері қолданылып келе жатқан мал сөзі мен «ақша» семасындағы пұл атауымен қосарланып, қос сөз түрінде жасалған термин. Қос сөздің компоненттері туралы толығырақ мал және пұл сөздері талданған тараушаларда берілген. Сіріңке «делдалдың мал алушы мен сатушыны келістіріп, ортасынан алынатын ақша»: Екеуіңізді келістірдім ғой, орталарыңыздан сіріңке беріңіз (Алм., Жам.) (ҚТАС 636). Түсіндірме сөздікте «делдалдың түсірген пайдасы» деген семантикасы біз білетін сіріңке сөзінің ауыспалы мағынасы деп көрсетілген: «Бедекші, делдал сатушы мен алушының міндетін жеңілдетіп, ортасынан «сіріңке» түсіреді (Қ.Жұмаділов, Тағдыр, 169).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==