Каржы сауда лексикасы соңғы

163 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Бұлдау етістігі Абай тілінде де жиі қолданылған: Алдадым, ұрдым, қырдым деп / Шалықтап, шалқып, шатпай ма? Қапысын аңдып тұрдым деп / Қулығын бұлдап сатпай ма? (Абай 1961: 210). Пайдасыз ғылымменен ми кептірер / Дос-жарға мақтан етіп, бұлдап көрер. Жақсы сөз, жақын үміт тәттілікті / Кемітер, көңіл қоймас, кекеңкірер (Абай 1961: 371). «Ырыс алды − тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам «ілімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады... Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап , ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатын, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі (6- қара сөз). Cонымен бұлдау етістігі бұл/пұл сөзіне қарағанда қазақ лексикасында ертеден қолданылып келе жатқан сөз әрі ауыз әдебиеті үлгілері мен әдеби шығармаларда жиі кездеседі. Абай тілінде де жиі қолданылған етістіктердің бірі. Мәліш «ұсақ ақша». Орыстың мелоч «ұсақ» сөзі Абайда қазақтың сингармонизм заңына сәйкес өзгерген әрі қазақы«мәліш» ( мәлішсауда «ұсақ сауда») тұлғасында жұмсалған. Ақын өлеңдеріне орыс сөздерін айтайын деген ойын анықтай, өрнектей түсетін жағдайда пайдаланады. Бұл мәліш те сондай мысал қатарына жатады: Пайда деп, мал деп туар ендігі жас, Еңбекпен терін сатып түзден жимас. Мәліш 21 сауда сықылды күлкі сатып, Алса қоймас, араны тағы тоймас (Абай 1961: 88). Мүрсейіт қолжазбасынан бұл кірме элемент меліч деп те оқылған: Файда деп, мал деп туар ендігі жас / Еңбекпен терін сатып түзден жимас. Меліч сауда секілді күлкі сатып / Алса қоймас, араны тағы тоймас (Петек 2021: 62). 21 Петербор нұсқасынан «мелеч» деп те оқуға болады (Абай 1909: 15).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==