Каржы сауда лексикасы соңғы

162 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ пулсуз «тегін» (КкРС 538); қырғыз т. пул «ақша»: Пулуң болсо кулуңмун (мәтел) (КРС II 114). Ұйғыр т. пул «ақша» (YUTS 327); өзбек т. пул «ақша; тиын» (УРС 348). Әзербайжан т. пул «тиын, монета; ақша»: ағ пул «күміс ақша»; қара пул «бақыр ақша»; пул кисәси «әмиян»; пуллу «бай»; пулсуз «тегін» (АзРС 248); түрікмен т. пул «ақша»: пуллы/пулдар «ақшалы, бай»; пулсуз «тегін» (ТРС 537). Құмық тілінде қазақ тіліндегідей акча сөзі белсенділікке ие болып пул сөзі қолданыстан ығысқан (КумРС 245). Қырым татар мен Анадолы түрік тілінде ауыспалы мағынаға да ие болған, мысалы қырым татар т.: пул «балық қабыршағы; жылтырақтар» (КТРС 491). түрік т. pul «пошта маркасы; жылты­ рауықтар; қабыршақ; шегенің түймешегі»; (ауызекі.) (ТурРС 727). Бұл «кездеме, мата; пұл, ақша» (ҚТТС 151). Говорлар мен көркем әдебиетте қолданылатын пұл сөзі парсы тілінде پول пул «ұсақ бақыр ақша, тиын» деп айтылады. Ал Абайда және говорларда оның бұл деген қазақы формаға өзгерген варианты қолданылады. Мәселен, диалектолог ғалым Ж.Досқараев Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарында бұл сөзі «мата, кездеме» мәнінде айтылатынын жазған (Досқараев 2010: 101). Бұл деген сөз «мата, кездеме» дегеннің диалектілік варианты болғанмен, Абай тілінде оны парсы тіліндегідей «ақша» мәнінде жұмсалғанын көреміз: Мен − мақтанның құлы емес / Шын ақылға зорлық жоқ. Антұрған көп бұл емес / Өлім барда қорлық жоқ (Абай 1961: 196) Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан / Тәтті, дәмді іздер ең онан да арман. Өз бұлыңмен халің жоқ күнде тояр / Құлдық ұрып асайсың асы бардан (Абай 1961: 224). Қазақ говорлары мен көркем шығармаларда пұл немесе бұл түбірінен туындаған бұлдау етістігі де қолданылады: Бұлдау «қымбат, бағалы нәрсеге есептеу, құнын есептеу, бағалау». Бұлдап сату (ҚХР) «жақсылап, бағасына келтіріп қымбат сату» (ҚТАС 159).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==