Каржы сауда лексикасы соңғы
161 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Пұл асылы табылса, колға алалық / Кісі емес ескерусiз бос қаларлық . Киiмi кымбат екен деп / Ешкiм сенен ықты ма? Пұлды киiм борыш боп / Алқымыңнан сықты ма? Қазақ тілінде кірме сөздердің ішінде «п/б» ауысуы жиі кездеседі немесе екі нұсқада айтылып варианттар құрайды, мысалы пенде- бенде, пейіл-бейіл, пейіш-бейіс, пайымдау-байымдау, паралау-ба ралау . Осындағы мысалдардың барлығы Абайдан алынды, өйткені ақын тілінде осындай екі нұсқалы сөздер жиі кездеседі. Енді пұлдың «ақша» мағынасы матадан келді ме, әлде мата атауы ақша мағынасынан ауысты ма деген сұраққа келсек, бізше тиын деген мағынасынан барып ауысқан секілді, өйткені ол сөздің ең көне мағынасы тиын ақша екендігі айтылады. Сонымен бірге түркі тілдері мен ескерткіштерінде оның мата деген мағынасы кездеспейді. Диалектолог ғалым Ж.Досқараев Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарында бұл сөзі «мата, кездеме» мәнінде айтылатынын жазған. Соған қарағанда оның мата түрі мағынасы бүкіл әдеби тілге емес, говорға тән ерекшелік болса керек, сол форманы ақындар өздерінің өңірлеріндегі қолданысындай жұмсаған. Енді пұл сөзі қайдан келді, соны анықтап көрсетсек. Бұл сөз парсы тіліндегі لوپ пул «ұсақ ақша, тиын» дегеннен келгені анық. Оның өзі парсылардікі емес, оларға ол көне гректерден сауда арқылы жеткен. Бізге де ежелгі гректерден емес, иран халқының саудагерлерінен ауысқан. «Тиын» мағынасындағы көне грекше обол (ὀβολός) сөзі кейін пол, бол деген нұсқаларында да Византияда IX-X ғ. және ортағасырларда Франция, Голландия, Италия, Испания сияқты Европа елдерінде «мыс тиын» ретінде жұмсалған. Еселік пен санына қарай пентобол, триобол, диобол деген күрделі атаулар да айналымда болған. Қазақ тілінде ерте дәуірлерден қолданыла келіп, бүгінгі күні белсенді емес сөзге айналған, бірақ жаңа терминдерге ретінде қайта қолданысқа кіре бастаған пұл сөзі түркі тілдерінде де кең таралған сөздердің бірі. Әсіресе өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, қырғыз, әзербайжан, түрікмен тілдерінде біздегі «ақша» сөзі сияқты актив сөз болып қолданылады: Қарақалпақ т. пул «ақша; ұсақ ақша; тиын»: Шылымкештиң хәм иши жанар, хәм пулы жанар (мақал); пуллы «ақшалы, ауқатты»;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==