Каржы сауда лексикасы соңғы

160 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Пұл сөзі (кейде бұл нұсқасында) Абайда да жиі кездеседі: Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан / Тәтті, дәмді іздер ең онан да арман. Өз бұлыңмен халің жоқ күнде тояр / Құлдық ұрып асайсың асы бардан. Пұл үшін қызықпассың, сен де бір ер / Сені маған кез қылған пәруардигер. «Осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп, қазақтың бетінен оқып, ізденген талап болмаса, кітаптың бетінен оқып іздеген талап емес» (44-қара сөз). Тіпті Медғат Қасым поэмасында құн-пұл деген қос сөз болып жұмсалған: Ақырып Медғат жиды ол бар құлын / Асыпты әлін білмей, деді зұлым. Насосқа Қасым итті отыртыңдар / Бергенмін, деп сөйлейді құнын- пұлын. Абай тіпті осы атауға етістік тудырушы жұрнақ қосып, бұлдау «сату» деген туынды етістікті жасайды: Алдадым, ұрдым, қырдым деп / Шалықтап, шалқып, шатпай ма? Қапысын аңдып тұрдым деп / Қулығын бұлдап сатпай ма?. Пайдасыз ғылымменен ми кептірер / Дос-жарға мақтан етіп, бұлдап көрер. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам «ілімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады... Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап , ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатын, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі (6-қара сөз). Шәкәрімнің өлеңдерінде де пұл сөзінің «ақша» мағынасы аңғарылады: Әлемнiң қызығын, тойын/ Бағын, тағын, пұлын , қойын / Талақ болсын көзiме iлсем. Оған тағы құл болдық / Сатылған мал мен пұл болдық. Абай мен Шәкәрімде бұл/пұл мата түрі ретінде де қолданылады: Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер / Диханшылар жер жыртып, егін егер. Бұл құрап, киім түзеп, қарны тойған / Қағазға өрнек жасап, сурет ойған. Матайдан ел жиылып құн сұраған / Жасау мен қыздан қалған пұл сұраған.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==