Каржы сауда лексикасы соңғы

159 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Берсе қолдан кетпеген, Сатса пұлға өтпеген (Алм., Кег.) (ҚТАС 562; ҚТТС 681). ХХ ғасыр басында пұл сөзі жиі қолданылғанға ұқсайды: Қаншама пұл төгіліп, Неше мың жан жегіліп, Бастаған жол бітіп пе? (Мағжан, Шойын жол). Ахаң әрпін түзейтуге көп пұл шықса, бүгін соның арқасында әрпіміз түзеліп отыр (Елдес Омарұлы, Әліпби). Пұл сөзінің негізгі мағынасы «ақша». Сөздің өзі Аймақтық сөздікте диалектизм ретінде көрсетілсе де тілімізде ақы-пұлсыз «тегін», ақы-пұл «ақша», мал-пұл «дүние», дүние-пұл «қаражат» қос сөздерінде үлеспұл , өтемпұл , өсімпұл , жарнапұл секілді экономикалық жаңа терминдердің құрамында айтылады. Күнделікті өмірде жиі айтылатын айыппұл , шай-пұл , жөргекпұл жаңа атауларының құрамында да қолданылады. Пұл сөзі тарихи дәуірлерден Алтынорда мемлекетінде ең төменгі ақша құны яғни тиын валютасы ретінде қолданылған: «Среди золотоордынских номиналов нет алтына, термин же денга встречается лишь на медных монетах, где он, повидимому, равнозначен термину пул, служившему для обозначения самой мелкой единицы денежного обращения» (Янин 1956: 22). Ал жеке сөз ретінде ерте орта ғасырлардан бері түркі жазба мұраларында кездеседі, мәселен, Қарахан дәуірі жазба жәдігерлері Атебетүл хақайық пен Диуани хикметте пул «ақша» дегенді білдірген. Мәмлүк қыпшақ жазба мұраларында бул/пул деген екі нұсқасында және «алтын, күміс емес ұсақ тиын ақша» деген мағынада жұмсалған. Қарахан дәуірі жазба жәдігерлері Атебетүл хақайық пен Диуани хикметте пул «ақша» (Üşenmez 2006: 340). Мәмлүк қыпшақ жазба мұраларында бул/пул «алтын, күміс емес ұсақ тиын ақша» (KıpTS 37). Қазақ тілінде де сондай ұсақ мыс ақша «бақыр, жармақ, шақа» мағыналарында және жалпы ақша мәнінде жұмсалған. Оны Арзанның пұлы татымайды; Пұлыңа табылса тегіндей қуан; Ер белгісі ‒ құнында, зер белгісі ‒ пұлында; Жорға жүрісінен пұл болады, Жаман жүрісінен құл болады, Атадан пұл қалғанша, ұл қалсын мақалдарынан да аңғарамыз.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==