Каржы сауда лексикасы соңғы

158 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ чешуя; балык тәңкәсе «чешуя рыбы»; бака тәңкәсе (бот.) «ряска»; тәңкә салыш «детская игра в колечко»; тәңкә чуар «серый в яблоках»; алтын тәңкә «алтын тиын»; артқа таққан сач тәнкәсі «шашқа тағатын әшекей теңге, шолпы»; бәғәси бир тәңкә «бағасы бір теңге»; тәңкәлик «бір теңгелік» (ТатРС 950; Радлов III 1046); башқұрт т. тәңкә «жүз тиын құнындағы ақша, сом; күміс ақша; қыз келіншектердің киіміне тағылатын күміс әшекей; балықтың күміс түсті қабыршағы» (БТҺ II 446). Қарлұқ тілдер тобындағы екі тілде де қатар жұмсалған историзм қатарында: Ұйғыр тілінде теңге «ақша, валюта» (YUTS 401); өзбек т. танга (ист.) «он бес немесе жиырма тиын құнындағы күміс монета; балық қабыршағы»: икки танға «қырық тиын»; оқ танга «күміс тиын»; танга чака «ұсақ ақша»; танга балик «сазан, қабыршақты балық» (УРС 425). Оғыз тілдерінен тек түрікмен тілінде ғана қолданылған (историзм), оның өзінде қыпшақ тілдерінен кірген де болуы мүмкін: Түрікмен тілінде теңңе (ист.) «жиырма тиын құнындағы күміс ақша; (арх.) ақша»: Йүз теңңе пулуң болянча, йүз достуң болсун ; теңңе (ауыс.) «балық қабыршағы» (ТРС 628). Алтай тілінде ауыз әдебиеті үлгілерінде ғана сақталға ұқсайды: Алтай т. тенкә «күміс немесе алтын тиын; сом» (ЭСЧЯ 243) Чуваш тіліндегі нұсқасы көрші татаршадан алынғаны анық: Чуваш т. тенке «күміс монета» (ЭСЧЯ 242). Бұл сөз қыпшақтардан моңғол тіліне де кіргені белгілі: Моңғол т. теңге , қалмақ т. теңгн «ұсақ күміс тиын ақша» (MTS 1238; ЭСРЯ I 499; Ramstedt 1935: 395). Пұл «ақша, қаражат». Қазақ тілі сөздіктерінде оның жергілікті ерекшелік екендігі тіркелген: Магазинде нәрсе көп, бірақ қазір қолда пұл аз (Жамб., Жам.). Қолда пұл болса, осы күнде бәрі табылады (Сем., Абай). Алматыны бір көруге құмар-ақпын, бірақ пұлым болмай отыр (Қ.орда, Жал.). Балам, пұл берейін, дүкеннен чәй әкелгін (Алм., Шел.). Қос уысым жайғанда,

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==