Каржы сауда лексикасы соңғы

157 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Менгес те теңгені парсыға апарып, ал парсыға болса көне тілдерден келгенін жазып, теңгенің тиынға қатыстылығын жоққа шығарғысы келеді: «Русск., деньга тюрк тәңгә перс., тәнәкә, данг из санскр., таңка, малаям. таңкам «чистое золото. Итак тюркское тәңгә не развилось из тийин «белка» «копейка, как полагает Добродомов» (Менгес 1979: 120). Қазақ тіліндегі парсы кірме сөздерін зерттеген ғалым Н.Оңда­ сынов та теңгені парсынікі деп көрсеткен, парсы тіліндегі нұсқасы тәнгә (Оңдасынов 1974: 81) деп көрсетсе де ондай форманың ол тілде қолданылмайтыны аян Теңге сөзі көне түркі жазба ескерткіштерінде ұшыраспаса да, ортағасыр жазба мұраларынан тек шағатай жәдігерлерінде кез­ деседі: Шағатай жазба жәдігерлерінде тенке/тәңкә «күміс тиын ақша; жиырма тиындық құны бар күміс монета» (СГТЯЛ 342; Радлов III 1046). Cенглах атты шағатайша-парсыша сөздікте тенге «ақша; алтын немесе күміс ақша» (Сенглах 19 616) Шағатайша-османша сөздікте тенге «Бұқара және Орта Азия монетасы, тиыны» (ŞSL 20 230). Қазіргі түркі тілдерінде кей қыпшақ тілдері (тек құмық, қарайым, қарашай, балқар, ноғай, қырым татар секілді батыстағы қыпшақ тілдерінде кездесе бермейді) кең таралған: Қарақалпақ т. теңге «жалпы ақша; жиырма тиын»: Кишкене ғана шын тас, көтерип тасласаң да сынбас (жұмбақ жауабы: теңге) (КкРС 635); қырғыз т. теңге «сом, рубль; жиырма тиын; бір сом құнындағы күміс тиын; жалпы ақша»: Эшеги бир теңге, токуму миң теңге (мәтел) «Есегі бір теңге, ер тоқымы мың теңге»; чач теңге «шаш бұрымындағы теңге әшекейі»; тыйын-теңге «тиын- тебен»; теңге катмай «ойда санамақ ойыны атауы»; қазаңға теңге салмай «кір қазаннан ерінмен тиын алып шығу ойыны» (КРС II 225); татар т. тәңкә «монета (деньги, а также женские украшения из монет, гривны); 2) (разг.) «рубль»; биш тәңкә «пять рублей»; 3) 19 Мырза Мәди хан Естерабади, Сенглах. Иран-Тегерен ұлттық кітапханасы, F-1141 нөмірлі қолжазба. 20 Şeyh Süleymān Efendī- i Buhārī Lügat- i Çağatay ve Türkī-i Osmāni (Cild-i Evvel) Adlı Eserin Transkripsiyonu.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==