Каржы сауда лексикасы соңғы

156 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ В основе этого названия лежит тюркское название белки тейин, тейин, тин, тин, тийин, тийин, тыйын и т.п. Тюркское название монеты теңге является фонетическим вариантом названия белки» (Добродомов 1967: 368). Аталған тұжырым белді ғалымдар тарапынан да қолдау тапты. Бізге де бұл пікір ақылға қонымды боп көрінеді. Марти Рясянен жоғарыдағы пікірге жақын теңгені тұңғыс- манжұр тіліндегі «бұлғын» мағынасындағы денке атауымен байланысты көрген: «Тунгусам известно название животного денке «соболь», которое несомненно связано с хантыйским наименованием белки теңке «белка; копейка». Известно, что указанное слово встречается как заимствование в монгольском (теңке) и в тюркском (теңге) языках, а также в русском в период монгольских завоеваний в качестве названия денежной единицы деньга» (Рясянен 1955: 25). Енді Френ, Миклошич және Бернекердің пікірінше теңге «таңба» сөзімен байланысты: «Устарело мнение К.Френа и Миклошича, которые усматривали в деньга слова, близкое тюркскому тамга, дамга «метка» (Фасмер I 1986: 499). Халық этимологиясы бойынша теңге сөзінің шығу тегін түркі абсолюті – Тәңір атауымен де байланыстырғандар бар. Гераклеид, Хорн, Мюнкачи, Егоров, Ахметянов секілді кей ғалымдар тарапынан теңгенің парсының даң/данаг сөзімен байланысты екенін айтқаны әлі дәлелді қажет етеді: «Источник слова теңге искали в среднеперском даанг и новоперсидском даанаг «монета» (Фасмер I 1986: 499). «Хорн в персидком указывает данг, данег «монета», др. перс. данаке . По его мнению, данг , первоначально тождественно было слову дане «хлеба в зерне» (Егоров 1964: 243). «Тәңкәнің чығышы фарсы тілінен: бор. фарс. даник/даника «көмөш тәңкә», соңрақ таннга «дирхәмнің дүрттән бір, динарның сигіздән бір» (Әхмәтьянов 2001: 196). Егоров оның парсыша тенһаһ «қолма-қол ақша» атауымен байланыстырады: «Заимствована из персидского языка тәнһаһ «наличные сво­ бодные деньги, капитал» (Егоров 1964: 243).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==