Каржы сауда лексикасы соңғы

155 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Мюнкачи, Егоров, Ахметянов секілді лингвист ғалымдар теңге- ні парсының даң/данаг (дән/дәнек) сөзімен байланыстырғандары дәлелді қажет етеді (ЭСТЯ). Алтай, чуваш, тіпті моңғол тілінде, сонымен бірге манчур тілдерінде «күміс тиын» деген мағыналарда сақталғаны оның кірме элемент екенін жоққа шығарады. Бізше ол Радлов айтқандай «дөңгелек» мағынасындағы теңерек (төңірек) сөзімен төркіндес болса керек, өйткені теңгенің өзі дөңгелек монета түрінде болады, ол оның өзі тең деген түбіріне апарады. Екінші жағынан алтай тілдер тобындағы «тиін, бұлғын» деңке-мен бір екендігін де жоққа шығаруға болмайды. Өйткені тиін жануарының терісі ақша орнына қолданылғаны тарихтан белгілі және теңгенің көне және актив мағынасы тиын дегенге келеді. Теңге қазіргі түркі тілдері арасында қарақалпақ, қырғыз, татар мен башқұрт тілдерінде, сонымен қатар өзбек, ұйғыр, түрікмен тілдерінде «сом, ақша, жиырма тиын, монета, күміс тиын» тіпті «балық қабыршағы» деген мағыналарда қолданылады. Теңге сөзінің этимологиясының хронологиясын жасаған зерттеуші Добродомов, Радловтың бұл сөзді түркілік теңерек «шеңбер, дөңгелек (төңірек)» деген сөзбен байланыстырғанын, Френнің таңба атауымен жақындастырғанын айтады: «Что касается происхождения тюркского слова теңге , то мне­ ния ученых по этому поводу расходятся. Высказанное академиком К.Френомпредположение о связи этого слова с тюркским тамга было еще в середине XIX века отвергнуто И.Березиным, как неправильное. Однако оно позже было поддержано Фр.Миклошичем. Не лишена основания высказываемая некоторыми исследователями догадка о связи тюркс. теңге с персидским данг и древнеперсидским danakh . Этимология В. В. Радлова (от тюркск. теңерек «круг, колесо») нуждается в дополнительной аргументации» (Добродомов 1967: 367). Добродомов жоғарыдағыдай теңгеге қатысты этимологияларды тізіп, өзі оны тиын сөзімен байланыстырады. Ғалым ақша бірліктері аң терісінің атауларынан пайда болған деген шындыққа сүйене отырып, теңге де тиын ұғымынан келді деп анықтайды: «Если учесть то обстоятельство, что названия денежных единиц могут образовываться от названий пушных зверей, то для тюркского теңге можно найти хорошую этимологию на тюркской же почве.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==