Каржы сауда лексикасы соңғы
154 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ қала орнынан теңгелердің табылғанын, олардың VІІ-VІІІ ғасырларға жататынын және ол теңгелерде арыстан бейнесі мен таңбалардың бедерленгенін келтірген. 704-766 жылдары да Тараз шаһарында қола теңгелер өндірілген деген деректер бар. Қазақ жерінде ақша жасау ісі Қарахан дәуірі тұсында қарқынды өріс алды. Бұл әулет ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін ақша айналымындағы тиындар «динар, дирхем» деген арабша атауға ие болды. Алтыннан соғылған тиынды динар, ал, күміс тиынды дирхем деп атаған. Археологиялық қазбалар нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азияның он алты қаласында 1260-1280 жылдардың өзінде- ақ, монет соғатын ірі сарайлар болғаны анықталды. Бұдан бөлек, қыпшақ тайпасы жайлаған Дешті қыпшақ даласында күміс және мыс ақшаны теңге және пұл атауымен атаған. Мысалы, қазіргі біз айтып жүрген теңге атауы Алтын Орда кезеңінде қолданыла бастады. Бұл кезеңде дирхем, динардан, теңге мен пұлдан басқа, манат, ділдә, жамбы сынды ақша атаулары да қолданыста болды. Кейбір деректерге қарағанда, қазақтар қағаз ақшаны аққұйрық, ал, металл ақшаны бақыр, қара бақыр, күреш, қара күреш, шақа, соқыр, жармақ, тиын деп әртүрлі атаған. Алтын мен күмісті салмағы мен көлеміне қарай тайтұяқ, атантұяқ, қойтұяқ, ботагөз деп атағаны да көне деректерде кездеседі. Қазақ ақшасының тарихы, міне, осылай басталған. Ресей патшалығының әкімшілік жүйесіне байланысты ақша саясаты да өзгерді. Ішкі және сыртқы сауда айналымына ендігі кезекте біздің халық ресейлік ақша белгілерін қолдана бастады. Теңге – қазақтың төл сөзі. Тіпті орыстың «деньги» сөзі де осы теңгеденшыққаны әбден дәлелденген. Теңге сөзінің түбіріне қатысты этимологтар түрлі тұжырымдармен анықтайды. Ғалымдардың зерттеуінше, бұл сөздің шығу төркіні тым тереңде, бірақ теңгенің дәлме-дәл аудармасын, түбірін анықтауда көптеген теориялар мен жорамалдар жасалған, енді осы теңгенің этимологиясы жайлы пікірлерді ортаға салсақ. Миклошич пен Френ тамга ( таңба ) сөзімен байланыстырған болса, Радлов «дөңгелек, төңірек» мағынасындағы теңерек-ке қатысты деп түсіндіреді. Добродомов теңге -ні тиын сөзімен төр кіндес деп жорамалдайды. Рясянен осы тұжырымға жақын ой біл діріп, оны манчур тілінде қолданылатын «бұлғын» мағынасындағы денке атауымен төркіндес көрген. Дегенмен, Гераклеид, Хорн,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==