Каржы сауда лексикасы соңғы
152 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ мағынада айтылған. Соның ішінде түркі тілдерінде кең таралған семантикасы – «жиырма тиынға тең күміс монета». Абайдың аударма шығармасында да күміс тиын деген мағынасы аңғарылады: Кердең басып шіркеуге жақын барды / Қалтадан бір теңгелік күміс алды.... Бәрің бірдей таласпай, бөліп ал, деп / Бір теңгелік күмісті лақтырды (Вадим поэмасы). Теңге алу (ілу) «шұңқырда жатқан теңгені атпен шауын келе жатқан адамның ілін әкететін ұлтты ойыны (ҚТТС 798). Қазақ мақал-мәтелдерінде «ақша» мағынасында қолданылғаны байқалады: Қызды жеңге, Жеңгені теңге бұзады (Кейкін 2002: 75). Теңге тиыннан, тұлпар құлыннан (немесе «ынтымақ ұйымнан») (Кейкін 2002:256) Пісте қабығы шөңге болмайды, Сары шақа теңге болмайды. Бір теңге бие болмайды, Екі теңге түйе бoлмайды Теңгелі жерде теңдік жоқ (Кейкін 2002: 257). Бір теңге беріп жырлатып, Мың теңге беріп қойғыза алмады (Кейкін 2002: 286). Теңге 1. (Шымк.: Мақт., Шәу.) «20 тиындық күміс ақша»: Бес теңге біздің есебіміз бойынша бір манат болады (Қарақ.). 2. (Алм. Жам.) «тиын»: Базарға бармақшы едім, жолыма теңге болмай тұр (Алм„ Жам.) (ҚТАС 662). Тәңгә (Түрікм., Таш.) «теңге, сом»: Үйде жата бергенімізше аздап қимылдап, бес-алты тәңгә тауып қайтсақ та пайда емес пе? (Түрікм., Таш.) (ҚТАС 657). Жарым теңге (Шымк., Қызылқ.) «он тиын» (ҚТАС 242). Қой теңге (Шығ. Қаз„ Больш.; Тау., Қош.) «бір сомдық теңге»: Бір сомдық теңгені біз қой теңге деп атаймыз (Тау, Қош.) (ҚТАС 416). Теңгемір (Шымк„ Мақт.) «25 тиын» (ҚТАС 662). Қазақ говорлары деректерінде теңге сөзінің түрлі мағынала рына куә болғанымыздай, жалпы ақша атаулары мағынасының ауысуына байланысты зерттеушілер де айтады:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==