Каржы сауда лексикасы соңғы

151 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Cом алтын «таза, қоспасыз, саф алтын; тұтас құйылган кесек алтын»: Қазығын қалайыдан қақтырып, Тоқпағын сом алтыннан соқтырып, Нықара күміс шаптырып, Былғары саба пістіріп, Шыны аяқпен іштірген (Бұхар жырау). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілмеген бұл сом сөзі кейбір түркі тілдерінде «құйма, кесек, таза, нағыз, шағын, тығыз» мағыналарында қолданылады: Құмық тілінде сом алтын «саф алтын» тіркес күйінде ғана айтылады (КумРС 269); қырғыз т. сом «өнделмеген метал кесегі»: сом темир «үлкен кесек темір»; сом күмүш «таза күміс» (КРС II 154); қарақалпақ т. сом «кесек»; сом алтын «саф алтын», сом темир «темір бөлігі» (КкРС 581). Түрік т. som «тығыз, шағын; құйма, кесек, таза, қоспасыз» (ТРС 784). Алтай т. сом «форма, пішін» (АРС 598). Көне түркі жазба мұраларынан Диуани лұғатит түркте сун деген тұлғада әрі алтын сөзімен тіркес түрінде жазылған: Диуани лұғатит түркте сун алтун «кесек алтын» (МҚ III 138) (ДТС 514). Ортағасыр жазба жәдігерлерінен ең алғаш Мәмлүк қыпшақ ескерткіштерінде қолданылғаны анықталды: Мәмлүк қыпшақ ескерткіштерінде (Аттухфатуз зәкие мен Идрак хашие мұраларында) сом «алтын, күміс секілді бағалы металдар» (KıpTS 239). Анадолы түрік жазбаларында сом «толық, тұтас» (TS V 3507). Теңге «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді; құн өлшемі ретінде пайдаланылатын ақша; бір теңгелік ақша; күміс (тиын) ақша». Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде пұл, сом, алтын сөздерінің арасынан бекер таңдалмады. Өйткені теңге атауы көне заманнан бері қазақ даласында қолданылып келеді, бергі кезеңнің өзінде «сом, ақша, күміс тиын, жиырма тиын» деген

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==