Каржы сауда лексикасы соңғы
150 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Рясянен сом сөзінің чуваш тіліндегі «сан, есеп» деген мағынасынан оның «сан» тұлғасынан келуі мүмкін деген пікірді алға тартады. Бірақ санның чуваш тілінде сом деп өзгерілуі оның сол тілден біздің тілдерге кіргеніне дәлел бола алмайды. Сом сөзі араб тіліндегі саум «баға», сума «ақшадағы таңба, сурет» тұлғаларынан келуі мүмкін деген пікір де жоқ емес. Кейбір ғалымдар сомды латын тіліндегі сумма/сомма тұлғасымен байланысты келтіреді. Семантикалық дәлел ретінде шет тіліндегі манет/монетаның түркі тілдеріне манат боп кіруін көрсетеді. Бұл жерде де сумманың қазақ тілінде сома «белгілі бір мөлшердегі қаражат» сомалы «ақшалы, бай» деген тұлғалар сом емес, орыс тіліндегі суммадан келген. Оның сомға еш қатысы жоқ екені анық. Зерттеушілердің көбі сом сөзін «алтын немесе күмістің құймасы, сомы, кесегі, тазасы (алтынның)» мағынасындағы сом (сом алтын) сөзімен байланысты көреді. Осыған дәлел ретінде Бартольд ортағасырдағы европалық көпестің сөзін келтіріп, сом сөзінің түркі-татар далаларында алтын немесе күміс кесегі, құймасы мағынасында ақша орнына жұмсалғанын алға тартады. Дерфер де осы этимологияға жақын пікірді айтады, оның ойынша сом ең бірінші «шағын, тығыз, тұтас» мағынасынан алдымен «металдың құймасы, кесегі» кейінірек «сом, рубль» мәніне ауысқан (ЭСТЯ VII 327). Бұл соңғы тұжырымдарды біз дұрыс көріп, сом сөзінің «алтын, күмістің құймасы, кесегі, сомы» мағыналарын да талдаймыз. Қазіргі түркі тілдері мен көне түркі жазба мұралары деректері нен де сол көне мағынасы аңғарылады және оның бұрынғы заман нан сом алтын тіркес күйінде жазылғаны байқалады: құмық тілінде сом алтын «саф алтын» тіркес күйінде ғана айтылады (КумРС 269); қырғыз т. сом «өнделмеген метал кесегі»: сом темир «үлкен кесек темір»; сом күмүш «таза күміс» (КРС II 154); қарақалпақ т. сом «кесек»; сом алтын «саф алтын», сом темир «темір бөлігі» (КкРС 581); түрік т. som «тығыз, шағын; құйма, кесек, таза, қоспасыз» (ТРС 784). Көне түркі жазба мұраларынан Диуани лұғатит түркте сун деген тұлғада әрі алтын сөзімен тіркес түрінде жазылған сун алтун «кесек алтын» (ДТС 514).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==