Каржы сауда лексикасы соңғы

149 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ де көрсетеді, соған қарағанда говорларда манет деген сөз де сол монетамен байланысты, қараңыз: Манет (Орал., Казт.) «теңге, сом»: Бізде ақмайдың килосы 30 манет (Орал, Казт.). Зәкір цалтасынан алтын манетті алып, алақанына салып салмақтады (3. Шаш., Тоқаш) (ҚТАС 475). Сом «жүз тиынға тең бұрынғы ақша құны; рубль; Қырғызстан мен Өзбекстанның (сум) ұлттық валютасы» (ҚТТС 736). Сом атауы «жүз тиынға тең ақша, рубль сөзінің қазақша баламасы» ретінде қолданылып, қазіргі кезде қолданыстан ығысып жатқан сөздердің бірі. Оның алғашқы мағынасы «тұтас, кесек, құйма» болып, «рубль» мағынасына орыс тіліндегі семантикасына ұқсатып ауысқан. Қазақ тілінде бұл сөз, Зорсынғанға Алла бар / Сом темірге балға бар дегендей сом алтын, сом темір деген тіркестерде де сақталған. Соған қарағанда бұл рубль орнына келген жаңа сөз емес, ерте кезеңдерден бері қолданылып келе жатқан көне сөзіміз екені даусыз. Абай мен Шәкәрімде де кездеседі: Тіленіп, телміріп ізденер / Тиын ба яки бір сом ба? (Абай). Маған бітсе осы мал / Жанымды неге қыстар ем? Мың теңгені бір сомдай / Қызығыма ұстар ем. Паралап ол ұлықты алған / Сомына сом өсiм салған (Шәкәрім). Қазіргі түркі тілдерінің біразында сом «жүз тиынға тең ақша», яғни рубльдің балама атауы ретінде айтылған және бұрынғы Кеңес одағы мүше елдері немесе автономияларында қолданылып та келеді: Қарашай-малқар т. сом «рубль» (РКБС 553); қырғыз т. сом «ұлттық валюта атауы; рубль» (КРС I 154); қарақалпақ т. сом «сом» (КкРС 581); татар т. сум «рубль» (ТатРС 815); башқұрт т. һум «сом» (БТҺ II 609); ұйғыр т. coм «валюта, ақша түрі, рубль» (YUTS 359); өзбек т. сум «өзбек ұлттық валютасы; рубль» (УРС 410); түрікмен тілінің диалектілерінде сом «рубль» (ТДӘД 228); чуваш т. сум «рубль ассигнациями (около 29 копеек серебром); Чĕр сум укçа пуличчен çĕр тус пултар теççе «Жүз сомың болғанша жүз досың болсын» (ЧувРС 378). Бізде де Жүз сом ақшаң болғанша, жүз жолдасың болсын (Не имей сто рублей, а имей сто друзейдің калькасы боп көрінеді) деген мақалда да айтылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==