Каржы сауда лексикасы соңғы
148 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Кейбір сауда ұйымдары суыр, тараққұйрық аулауға салғырт қарап уақыт ұттырып, суыр жатар кезде абыржып, қыруар дәулет шығарып ойға, қырға шапқылайтын жайт та кездеседі («Ж. өмір», 30.07.1985) (ҚТАС 191). Арабша даулат «бақыт; қонған бақ; тағдыр, жазмыш; ерік, жігер» сөзімен байланысты дәулет формасы қазақ әдеби тілінде «байлық, қазына» мағынасына ие болса, түркі тілдерінде «мемлекет» дегенді де білдіреді. Қазақ говорларында тіпті ақша деген қосымша семантикаға ие болғаны аңғарылады. Қалта (ауысп.) «ақша, қаржы, байлық» (ҚТТС 465). Қазақ тіліндегі қалта сөзінің «әмиян» (қалта сөзінің бұл мағынасы «әмиян» тарауында толығырақ жазылған) дегенмен бірге, сол семантикадан ауыспалы «ақша» деген мәні шыққан: қалтасы қалың «ақшасы көп»; қалтаға түсті «ақша ұрлады»; қалтасыжұқа «қаражаты мардымсыз»; қалтасы қағылды «ақшасы таусылды»; қалтасы құрғамады «ақшасы үзілмеді». Манат (Атыр.; Қ.орда ; Қарақ., Мой.) «теңге, сом»: Біздің звено бүгін 3000 манат алды (Гур.). Еттің килосы 12 манат (Қарақ., Мой.) (ҚТАС 475). Мәнәт (Маң.) «сом, теңге»: Отыз төрт мәнәт. Дүз мәнәт Дүз қой, оны қара, Үлгі қылдың бір пара (Аралбай ақын) (ҚТАС 484). Ақ мәнәт (Гур., Маңғ.) «күміс ақша» (ҚТАС 40). Мәнет (Түрікм.: Красн., Небид., Ашх., Таш„ Мары, Байр.; Гур„ Есб.; Маңғ.; Орал: Чап, Жымп.; Қара қ .: Тақт, Мой.) «сом, тенге»: Мойнақтан үргіге дейін пароходтың билеті 11 мәнет тұрады (Қарақ., Мой.). Мұндай ағаш үйді мың жарым мәнет беріп өздері алып кетеді (Түрікм., Красн.) (ҚТАС 485). Манат есіміне келсек, мұнда екі жорамал бар, бірі манат «ақша»», екіншісі «қымбат мата түріне (сырткиімдік барқыт сияқты бағалы мата)» қатысты атау болуы ғажап емес. Ғалымдар шет тіліндегі манет/монетаның түркі тілдеріне манат боп кіргенін
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==