Каржы сауда лексикасы соңғы

147 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ является фонетическим вариантом названия белки» (Добродомов 1967: 368). Күреш (Көкш., Еңб.; Қар., Нұра) «ақша»: Ол елдің беріліп жататын астарында көк тиын күреш алған емес (Қар., Нұра). Сол көк айыл маған бір тиын күрешке қажеті жоқ (С. Талж., Үлд., 57). Осман империясында да XVII ғасырдың аяғынан бастап akçe орнына kuruş басыла бастады. Қазіргі күнге дейін Түркияда «тиын» атауы орнына kuruş термині белсенді жұмсалады. Мұндағы күреш осы куруш сөзімен байланысты ма? Әлде орыс тіліндегі грош : «на какие грошы взял?» деген қолданыспен байланысты ма? Ал оның өзі неміс тіліндегі grosch «бір алтын солидус немесе 12 күміс денариусқа тең қалың күміс монета»-дан шығады. Ол да латынша denarius grossus «қалың динар» тіркесінен алынған. Сондай-ақ французша grosse немесе ағылшын тіліндегі gross «үлкен, ірі» (https://www.nisanyansozluk. com/kelime/gros) дегендер туыс сөздер саналады. Динар (тар). «Шығыс мұсылман елдеріне ерте кезде кең тараған арабтың алтын ділдасы; кейбір қазіргі араб елдерінің ақша атауы (ҚТТС 201). Динар қазіргі кезде араб елдерінің біразында ресми валюта атауы ретінде қолданылады. Шығыс Европадағы елдерді қосқанда 20 шақты мемлекеттің ресми ақшасы динар болған. Қазіргі күні 10 мемлекет динар атауын ресми валюта ретінде таниды. Орта Азиядағы түркі тайпалары ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін ақша айналымындағы «алтын тиындар» динар деген арабша атауға ие бола бастады. Ал «күмістен соғылған тиынды» дирхам деп атап кетті. Бір динар он дирхамға тең болған деген дерек қолымызда бар. Ерте орта ғасырда динар атауы ең бағалы валюта ретінде қолданылғаны Бахалығ динар ол билиглиг киши «Білімді кісі – бағалы динар» деген мақалдан аңғарылады (ДТС 160). Дәулет «ақша, қаржы, қомақты ақша»: Дәулет шығару (МХР) «қаржы жұмсау»:

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==