Каржы сауда лексикасы соңғы
145 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ семантической параллели можно указать еще и на украинское название трехкопеечной монеты – шостак (от числительного шесть, подразумевается: шесть грошей. Предполагаемое алты тыйын или алты тийин подверглось гаплологии» (Добродомов 1967: 370). Тиын сөзі орыс тіліне өзге де «жасырын» тіркестерде сақталғанын көруге болады: «О возможности передачи тюркского слова тыйын, тийин как -тын- свидетельствуют русские арготические выражения нибиртынки «ни копейки» (восходит к тюркскому словосочетанию бир тыйын «одна копейка» и унтынка «за десять копеек» (Добродомов 1967: 371). Тиын сөзі өзбек тілінен тәжік тіліне кірген, мысалы: тин/як тин «тиын, ұсақ тиын» (РТС 261). Осетин тілінде тин «тиын тері, тиын терісінен тон» (ЭСТЯ III 181). Сонымен, көне түркі ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінің көбінде «тиін, бұлғын; тері, тон пішуге арналған бағалы тері» мағынасындағы тиын сөзі тек қыпшақ (қарашай, құмық, қарайым, ноғайшада ғана жоқ) және қарлұқ тілдерінде «тиын, ұсақ ақша, бақыр» мағыналарына ауысқан. Ол ауысу да тиын терісінің өте ерте кезеңдерден «сауда құралы, ақша орнына жұмсалған бағалы тері, көшпенділердің құнды заты» ретінде қолдануымен байланысты. Хакас тіліндегі деректер негізінде тиін терісінің «ақша орнына қолданылған салық» ретінде жұмсалғанын көреміз: наға/нағағ «елу тиін терісі шамасындағы салық» (HTS 139). Алтай тіліндегі төменгі жолдардан да тиіннің салық құралы ретінде қолданылғаны байқалады: Алтай калыктаҥ jуулган кара калан ‒ киш, камду, тийиҥ ‒ ончозы каанныҥ öс бойыныҥ казназына баратан (С. Суразаков) «Алтай халқынан жиналған қара салық яғни бұлғын, кәмшат, тиін (терілері), осының бәрі ханның жеке қазынасына жіберілетін» (АРС 532). Сонда түркі халықтарында тиын деген сөз тиін аңының атымен бірдей болуының басқа себебі ерте кезде бұл халықтар алым- салықты тиіннің терісімен төлегендігімен де байланысты (ҚЭС 186). Жануар терісінің ақша мәніне ауысуы өзге тілдер тобында да байқалады, мәселен, ежелгі орыс тілінде ақша атауларының кейбірі жануар атауымен байланысты екендігі байқалған:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==